24 Маусым 2024, 19:42
«Қазақстан Республикасы Үкіметінің және жергілікті атқарушы органдардың резервтерін пайдалану қағидаларын бекіту туралы және Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдерінің күші жойылды деп тану туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2015 жылғы 25 сәуірдегі № 325 қаулысына толықтыру енгізу туралы
Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
көрсетілген қаулымен бекітілген Қазақстан Республикасы Үкіметінің және жергілікті атқарушы органдардың резервтерін пайдалану қағидаларында:
4-тармақтың 2) тармақшасы мынадай мазмұндағы үшінші абзацпен толықтырылсын:
«акцияларының бір жүз пайызы (жарғылық капиталға қатысу үлестері) мемлекетке тиесілі және бір мезгілде электр энергиясын, суды (дистиллятты) және жылу энергиясын өндіру жөніндегі қызметті жүзеге асыратын коммуналдық меншіктегі энергия өндіруші ұйымдардың шығындарын (борыштарын) субсидиялау бойынша;».
Қазақстан Республикасының
Премьер-Министрі О. Бектенов
Қазақстанның Премьер-министрі мен Үкіметі жаңалықтарынан хабардар болыңыз — ресми Telegram-каналға жазылыңыз
Жазылу