17 Маусым 2026, 12:00
«Қазақстан Республикасының Қорғаныс министрлігі туралы ережені бекіту және Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдерінің күші жойылды деп тану туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2022 жылғы 2 маусымдағы № 357 қаулысына өзгеріс пен толықтыру енгізу туралы
Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. «Қазақстан Республикасының Қорғаныс министрлігі туралы ережені бекіту және Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдерінің күші жойылды деп тану туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2022 жылғы
2 маусымдағы № 357 қаулысына мынадай өзгеріс пен толықтыру енгізілсін:
көрсетілген қаулымен бекітілген Қазақстан Республикасының Қорғаныс министрлігі туралы ережеде:
14-тармақтың 1) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
«1) құқықтары:
өз құзыреті шегінде орындау үшін міндетті құқықтық актілерді қабылдау;
заңнамада белгіленген тәртіппен мемлекеттік органдардан, ұйымдардан, олардың лауазымды адамдарынан қажетті ақпарат пен материалдарды сұрату және алу;
өз құзыреті шегінде консультативтік-кеңесші және сараптама комиссияларын құру;
сотқа жүгіну;
тексерулер мен сараптамалар жүргізуге басқа ұйымдардан мамандар тарту;
Қазақстан Республикасының азаматтарын ерікті негізде Министрліктің әскери барлау органдарының штаттан тыс жедел қызметкерлері ретінде тарту;
заңнамада белгіленген тәртіппен өз өкілеттіктері мен функцияларының бір бөлігін ведомствоға беру;
Қазақстан Республикасының Президентіне және Қазақстан Республикасының Үкіметіне Министрлік реттейтін салалардағы қызметті жетілдіру бойынша ұсыныстар енгізу;
демеушілік, қайырымдылық көмектi, сондай-ақ әскери-техникалық ынтымақтастық шеңберiнде көрсетiлетiн көмектi алу және пайдалану;»;
15-тармақ мынадай мазмұндағы 339) тармақшамен толықтырылсын:
«339) Қазақстан Республикасының азаматтарын ерікті негізде Министрліктің әскери барлау органдарының штаттан тыс жедел қызметкерлері ретінде жұмысқа тарту қағидаларын бекітеді.».
2. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасының
Премьер-Министрі О. Бектенов
Қазақстанның Премьер-министрі мен Үкіметі жаңалықтарынан хабардар болыңыз — ресми Telegram-каналға жазылыңыз
Жазылу