20 Шілде 2023, 10:04
Қазақстан Республикасының аумағына 2022 жылғы 1 қыркүйекке дейін әкелінген жекелеген доңғалақты көлік құралдарына қатысты міндетті талаптарды қолдану және олардың сәйкестігін бағалауды жүргізу қағидаларын бекіту туралы
«Кеден одағы Комиссиясының 2011 жылғы 9 желтоқсандағы № 877 шешіміне өзгерістер енгізу туралы» Еуразиялық экономикалық комиссия Кеңесінің 2023 жылғы 21 сәуірдегі № 34 шешіміне сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Қоса беріліп отырған Қазақстан Республикасының аумағына
2022 жылғы 1 қыркүйекке дейін әкелінген жекелеген доңғалақты көлік құралдарына қатысты міндетті талаптарды қолдану және олардың сәйкестігін бағалауды жүргізу қағидалары бекітілсін.
2. Қазақстан Республикасының Ішкі істер министрлігі осы қаулыға сәйкес сәйкестікті бағалаудан өткен көлік құралдарын бастапқы мемлекеттік тіркеуді қамтамасыз етсін.
3. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасының
Премьер-Министрі Ә. Смайылов
Қазақстанның Премьер-министрі мен Үкіметі жаңалықтарынан хабардар болыңыз — ресми Telegram-каналға жазылыңыз
Жазылу