Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2026 жылғы 12 тамыздағы №715 қаулысы

«Уәкілетті мемлекеттік органдардың салық саясаты саласындағы уәкілетті органға жетекшілік ететін салалар бойынша салықтық жеңілдік беру (ұзарту) қажеттігінің негіздемесін жіберу қағидаларын, салықтық жеңілдіктерді қолданудың әлеуметтік-экономикалық мақсаттарына қол жеткізу өлшемшарттары мен оларды белгілеу тәртібін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2025 жылғы 21 қарашадағы №993 қаулысына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы

 

Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

1. «Уәкілетті мемлекеттік органдардың салық саясаты саласындағы уәкілетті органға жетекшілік ететін салалар бойынша салықтық жеңілдік беру (ұзарту) қажеттігінің негіздемесін жіберу қағидаларын, салықтық жеңілдіктерді қолданудың әлеуметтік-экономикалық мақсаттарына қол жеткізу өлшемшарттары мен оларды белгілеу тәртібін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2025 жылғы 21 қарашадағы № 993 қаулысына мынадай өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін:

көрсетілген қаулымен бекітілген Уәкілетті мемлекеттік органдардың салық саясаты саласындағы уәкілетті органға жетекшілік ететін салалар бойынша салықтық жеңілдік беру (ұзарту) қажеттігінің негіздемесін жіберу қағидаларында:

2-тармақ:

мынадай мазмұндағы 1-1) тармақшамен толықтырылсын:

«1-1) салықтық жеңілдіктер тізілімі (бұдан әрі – тізілім) –
Қазақстан Республикасының салық заңнамасында белгіленген салықтық жеңілдіктердің тізбесін қамтитын, сондай-ақ салықтық жеңілдік берілетін салық түрі және салықтық жеңілдіктің қолданылу мерзімдері туралы мәліметтері бар тізілімнің веб-порталы арқылы қол жеткізу қамтамасыз етілетін бірыңғай мемлекеттік цифрлық дерекқор;»;

мынадай мазмұндағы 4-1) тармақшамен толықтырылсын:

«4-1) тізілімнің веб-порталы – Интернет желісінде bagylauda.qoldau.kz мекенжайы бойынша орналастырылған, уәкілетті органға және бюджетті атқару жөніндегі уәкілетті органға тізілімге қол жеткізуді ұсынатын интернет-ресурс;»;

7-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

«7. Уәкілетті орган салықтық жеңілдікті беру (ұзарту) қажеттігінің негіздемелерін тізілімде бар мәліметтерді ескере отырып, салықтық жеңілдікті беру (ұзарту) қажеттігінің негіздемелері түскен кезден бастап 20 (жиырма) жұмыс күні ішінде қарайды.»;

9-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

«9. Жетекшілік ететін салалар немесе мәселелер бойынша салықтық жеңілдікті беру (ұзарту) қажеттігінің негіздемесін қарау қорытындысы бойынша уәкілетті орган алынған ақпарат негізінде салықтық жеңілдікті берудің (ұзартудың) орындылығы (орынсыздығы) туралы уәкілетті мемлекеттік органды хабардар етеді.

Салықтық жеңілдік берілген (ұзартылған) жағдайда уәкілетті орган нормаларды ретроспективті енгізу жағдайларын қоспағанда, тізілімге мәліметтерді оны қолдану басталғанға дейін енгізеді.».

2. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

 

 

Қазақстан Республикасының

Премьер-Министрі                                                       О. Бектенов

Қазақстанның Премьер-министрі мен Үкіметі жаңалықтарынан хабардар болыңыз — ресми Telegram-каналға жазылыңыз

Жазылу