Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2022 жылғы 13 сәуірдегі №215 Қаулысы

Мемлекеттік сыртқы қарыздар және республикалық бюджеттен қоса қаржыландыру бойынша есептілікті ұсыну қағидаларын бекіту туралы 

 

2008 жылғы 4 желтоқсандағы Қазақстан Республикасының Бюджет кодексі 206-бабының 2-–1- тармағына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚAУЛЫ ЕТЕДІ: 

1. Қоса беріліп отырған Мемлекеттік сыртқы қарыздар және республикалық бюджеттен қоса қаржыландыру бойынша есептілікті ұсыну қағидалары бекітілсін. 

2. Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдерінің күші жойылды деп танылсын: 

1) «Мемлекеттік сыртқы қарыздар және республикалық бюджеттен қоса қаржыландыру бойынша есептілікті ұсыну қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2018 жылғы 20 сәуірдегі № 211 қаулысы; 

2) «Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне және Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің кейбір өкімдеріне өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2021 жылғы 18 наурыздағы № 145 қаулысының 31-тармағы. 

3. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі және ресми жариялануға тиіс. 

 

Қазақстан Республикасының 

Премьер-Министрі                                                           Ә. Смайылов 

Ережелер

Қазақстанның Премьер-министрі мен Үкіметі жаңалықтарынан хабардар болыңыз — ресми Telegram-каналға жазылыңыз

Жазылу