Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2022 жылғы 13 сәуірдегі №217 Қаулысы

«Пробация қызметінің есебінде тұрған адамдарға әлеуметтік-құқықтық көмек көрсету қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2014 жылғы 23 қазандағы № 1131 қаулысына өзгерістер енгізу туралы 

 

Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ: 

1. «Пробация қызметінің есебінде тұрған адамдарға әлеуметтік-құқықтық көмек көрсету қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2014 жылғы 23 қазандағы № 1131 қаулысына мынадай өзгерістер енгізілсін:  

тақырып мынадай редакцияда жазылсын: 

«Өздеріне қатысты пробация қолданылатын адамдарға әлеуметтік-құқықтық көмек көрсету қағидалары»; 

1-тармақ мынадай редакцияда жазылсын: 

«1. Қоса беріліп отырған Өздеріне қатысты пробация қолданылатын адамдарға әлеуметтік-құқықтық көмек көрсету қағидалары бекітілсін.»; 

көрсетілген қаулымен бекітілген Пробация қызметінің есебінде тұрған адамдарға әлеуметтік-құқықтық көмек көрсету қағидалары осы қаулыға қосымшаға сәйкес жаңа редакцияда жазылсын. 

2. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі. 

 

Қазақстан Республикасының 

Премьер-Министрі                                                      Ә. Смайылов 

Ережелер

Қосымша

 

Қазақстанның Премьер-министрі мен Үкіметі жаңалықтарынан хабардар болыңыз — ресми Telegram-каналға жазылыңыз

Жазылу