21 Тамыз 2025, 00:00
«Маңғыстау облысы Ақтау қаласының бас жоспары туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2012 жылғы 5 қыркүйектегі
№ 1147 қаулысына өзгерістер енгізу туралы
Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. «Маңғыстау облысы Ақтау қаласының бас жоспары туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2012 жылғы 5 қыркүйектегі № 1147 қаулысына мынадай өзгерістер енгізілсін:
1) тақырып мынадай редакцияда жазылсын:
«Маңғыстау облысы Ақтау қаласының бас жоспары (негізгі ережелерді қоса алғанда) туралы»;
2) 1-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«1. Қоса беріліп отырған, Маңғыстау облыстық және Ақтау қалалық мәслихаттары мақұлдаған Маңғыстау облысы Ақтау қаласы бас жоспарының жобасы (негізгі ережелерді қоса алғанда) бекітілсін.»;
3) көрсетілген қаулымен бекітілген Маңғыстау облысы Ақтау қаласының бас жоспары осы қаулыға қосымшаға сәйкес жаңа редакцияда жазылсын.
2. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасының
Премьер-Министрі О. Бектенов
Қазақстанның Премьер-министрі мен Үкіметі жаңалықтарынан хабардар болыңыз — ресми Telegram-каналға жазылыңыз
Жазылу