Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2026 жылғы 13 қазандағы №897 қаулысы

«Құрамында есірткі құралдарының, психотроптық заттар мен прекурсорлардың аз мөлшері бар, олардан көрсетілген құралдар мен заттар оңай қол жеткізілетін тәсілдермен алынуы мүмкін емес дәрілік препараттарды бақылаудан алу ережесін және көрсетілген препараттардың тізімін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2007 жылғы 23 мамырдағы № 413 қаулысына өзгерістер енгізу туралы


Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. «Құрамында есірткі құралдарының, психотроптық заттар мен прекурсорлардың аз мөлшері бар, олардан көрсетілген құралдар мен заттар оңай қол жеткізілетін тәсілдермен алынуы мүмкін емес дәрілік препараттарды бақылаудан алу ережесін және көрсетілген препараттардың тізімін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2007 жылғы 23 мамырдағы № 413 қаулысына мынадай өзгерістер енгізілсін:
тақырып мынадай редакцияда жазылсын:
«Құрамында есірткінің, психотроптық заттар мен прекурсорлардың аз мөлшері бар, олардан есірткі мен көрсетілген заттар оңай тәсілмен алынбайтын дәрілік препараттарды бақылаудан алу қағидаларын және көрсетілген препараттардың тізімін бекіту туралы»;
кіріспе мынадай редакцияда жазылсын:
«Есiрткi, психотроптық заттар, сол тектестер мен прекурсорлар және олардың заңсыз айналымы мен терiс пайдаланылуына қарсы iс-қимыл шаралары туралы» Қазақстан Республикасының Заңы 2-бабының 2-тармағына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:»;
1-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«1. Қоса беріліп отырған:
1) Құрамында есірткінің, психотроптық заттар мен прекурсорлардың аз мөлшері бар, олардан есірткі мен көрсетілген заттар оңай тәсілмен алынбайтын дәрілік препараттарды бақылаудан алу қағидалары;
2) құрамында есірткінің, психотроптық заттар мен прекурсорлардың аз мөлшері бар, олардан есірткі мен көрсетілген заттар оңай тәсілмен алынбайтын және Қазақстан Республикасында бақылауға жатпайтын дәрілік препараттардың тізімі бекітілсін.»;
көрсетілген қаулымен бекітілген Құрамында есірткі құралдарының, психотроптық заттар мен прекурсорлардың аз мөлшері бар, олардан көрсетілген құралдар мен заттар оңай қол жеткізілетін тәсілдермен алынуы мүмкін емес дәрілік препараттарды бақылаудан алу ережесі осы қаулыға қосымшаға сәйкес жаңа редакцияда жазылсын;
көрсетілген қаулымен бекітілген құрамында есірткі құралдарының, психотроптық заттар мен прекурсорлардың аз мөлшері бар, олардан көрсетілген құралдар мен заттар оңай қол жеткізілетін тәсілдермен алынуы мүмкін емес және Қазақстан Республикасында бақылауға жатпайтын дәрілік препараттардың тізімінде:
тақырып мынадай редакцияда жазылсын:
«Құрамында есірткінің, психотроптық заттар мен прекурсорлардың аз мөлшері бар, олардан есірткі мен көрсетілген заттар оңай тәсілмен алынбайтын және Қазақстан Республикасында бақылауға жатпайтын дәрілік препараттардың тізімі».
2. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.


Қазақстан Республикасының
Премьер-Министрі                                                       О. Бектенов

 

қосымша

қосымша

Қазақстанның Премьер-министрі мен Үкіметі жаңалықтарынан хабардар болыңыз — ресми Telegram-каналға жазылыңыз

Жазылу