20 Мамыр 2024, 10:32
«Бітімгершілік операцияға дайындық қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2016 жылғы 10 маусымдағы № 345 қаулысына өзгерістер енгізу туралы
Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. «Бітімгершілік операцияға дайындық қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2016 жылғы 10 маусымдағы
№ 345 қаулысына мынадай өзгерістер енгізілсін:
кіріспе мынадай редакцияда жазылсын:
«Қазақстан Республикасының бітімгершілік қызметі туралы» Қазақстан Республикасының Заңы 8-бабының 8) тармақшасына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:»;
көрсетілген қаулымен бекітілген Бітімгершілік операцияға дайындық қағидаларында:
1-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«1. Осы Бітімгершілік операцияға дайындық қағидалары (бұдан әрі – Қағидалар) «Қазақстан Республикасының бітімгершілік қызметі туралы» Қазақстан Республикасының Заңы 8-бабының 8) тармақшасына сәйкес әзірленді және бітімгершілік операцияға дайындық тәртібін айқындайды.»;
16-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«16. Ұлттық контингентті материалдық-техникалық қамтамасыз ету «Қазақстан Республикасының бітімгершілік қызметі туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 14-бабы шеңберінде жүзеге асырылады.»;
17-тармақта:
2) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:
«2) ұлттық контингентті қолжетімді байланыс түрлерімен қамтамасыз етуге жәрдемдесетін байланыс саласындағы уәкілетті органға;»;
мынадай мазмұндағы 3) тармақшамен толықтырылсын:
«3) ұлттық контингентті және жүкті бітімгершілік операция жүргізілетін аймаққа (ауданға) және кері қарай жеткізуді қамтамасыз етуге жәрдемдесетін көлік саласындағы уәкілетті органға жүгінеді.»;
көрсетілген Қағидаларға қосымша осы қаулыға қосымшаға сәйкес жаңа редакцияда жазылсын.
2. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасының
Премьер-Министрі О. Бектенов
Қазақстанның Премьер-министрі мен Үкіметі жаңалықтарынан хабардар болыңыз — ресми Telegram-каналға жазылыңыз
Жазылу