24 Маусым 2024, 19:59
Түсті және қара металдардың сынықтары мен қалдықтарын жинау (дайындау), сақтау, қайта өңдеу және өткізу жөніндегі қызметті жүзеге асыруға арналған екінші санаттағы рұқсаттарды беруге уәкілетті органды және екінші санаттағы рұқсаттардың берілуін келісуді жүзеге асыратын мемлекеттік органдарды айқындау туралы
«Рұқсаттар және хабарламалар туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 10-бабының 4) тармақшасына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Мыналар:
1) облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың, астананың жергілікті атқарушы органдары түсті және қара металдардың сынықтары мен қалдықтарын жинау (дайындау), сақтау, қайта өңдеу және өткізу жөніндегі қызметті жүзеге асыруға арналған екінші санаттағы рұқсаттарды беруге уәкілетті орган болып;
2) осы қаулыға қосымшаға сәйкес түсті және қара металдардың сынықтары мен қалдықтарын жинау (дайындау), сақтау, қайта өңдеу және өткізу жөніндегі қызметті жүзеге асыруға арналған екінші санаттағы рұқсаттардың берілуін келісуді жүзеге асыратын мемлекеттік органдар айқындалсын.
2. Осы қаулы ресми жариялануға тиіс және 2024 жылғы 9 қазаннан бастап қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасының
Премьер-Министрі О. Бектенов
Қазақстанның Премьер-министрі мен Үкіметі жаңалықтарынан хабардар болыңыз — ресми Telegram-каналға жазылыңыз
Жазылу