Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2023 жылғы 14 шілдедегі №578 қаулысы

Түркістан облысы Түркістан қаласының шекарасын өзгерту туралы

 

«Қазақстан Республикасының әкімшілік-аумақтық құрылысы туралы» Қазақстан Республикасының Заңы 11-бабының 2) тармақшасына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

1. Осы қаулыға қосымшаға сәйкес жалпы ауданы 4831,86 гектар Сауран ауданының жерлерін қосу және жалпы ауданы 4716,29 гектар Түркістан қаласының жерлерін Сауран ауданының шекарасына (шегіне) қосу арқылы Түркістан облысы Түркістан қаласының шекарасын (шегін) өзгерту туралы Түркістан облыстық мәслихатының 2023 жылғы 28 сәуірдегі № 2/14-VІIІ бірлескен шешіміне және «Түркістан облысы Түркістан қаласының және Сауран ауданының шекараларын өзгерту және белгілеу туралы» Түркістан облысы әкімдігінің 2023 жылғы 2 мамырдағы №79 қаулысына келісім берілсін.

2. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

 

Қазақстан Республикасының

Премьер-Министрі                                                                                                     Ә. Смайылов

 

қосымша

Қазақстанның Премьер-министрі мен Үкіметі жаңалықтарынан хабардар болыңыз — ресми Telegram-каналға жазылыңыз

Жазылу