24 Шілде 2023, 10:29
Түркістан облысы Кентау қаласының шекарасын өзгерту туралы
«Қазақстан Республикасының әкімшілік-аумақтық құрылысы туралы» Қазақстан Республикасының Заңы 11-бабының 2) тармақшасына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Осы қаулыға қосымшаға сәйкес жалпы ауданы 75552,0 гектар Сауран ауданының жерлерін қосу арқылы Түркістан облысы Кентау қаласының шекарасын (шегін) өзгерту туралы Түркістан облыстық мәслихатының 2023 жылғы 28 сәуірдегі № 2/13-VIІІ бірлескен шешіміне және «Түркістан облысы Кентау қаласының және Сауран ауданының шекараларын өзгерту және белгілеу туралы» Түркістан облысы әкімдігінің 2023 жылғы 2 мамырдағы № 80 қаулысына келісім берілсін.
2. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасының
Премьер-Министрі Ә. Смайылов
Қазақстанның Премьер-министрі мен Үкіметі жаңалықтарынан хабардар болыңыз — ресми Telegram-каналға жазылыңыз
Жазылу