19 Шілде 2023, 11:09
«Қазақстан халқына» қоғамдық қоры түріндегі коммерциялық емес ұйымға «Самұрық-Қазына» ұлттық әл-ауқат қоры» акционерлік қоғамының таза кірісінің кемінде жеті пайызы мөлшерінде қаражат бөлу қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2023 жылғы 31 наурыздағы №273 қаулысына өзгеріс енгізу туралы
«Ұлттық әл-ауқат қоры туралы» Қазақстан Республикасының Заңы 20-бабының 5-тармағына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. «Қазақстан халқына» қоғамдық қоры түріндегі коммерциялық емес ұйымға «Самұрық-Қазына» ұлттық әл-ауқат қоры» акционерлік қоғамының таза кірісінің кемінде жеті пайызы мөлшерінде қаражат бөлу қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2023 жылғы 31 наурыздағы №273 қаулысына мынадай өзгеріс енгізілсін:
көрсетілген қаулымен бекітілген «Қазақстан халқына» қоғамдық қоры түріндегі коммерциялық емес ұйымға «Самұрық-Қазына» ұлттық әл-ауқат қоры» акционерлік қоғамының таза кірісінің кемінде жеті пайызы мөлшерінде қаражат бөлу қағидаларында:
2-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«2. Қор жеке (шоғырландырылмаған) аудиттелген қаржылық есептілік негізінде қоғамдық қор үшін жыл сайын қордың таза кірісінің кемінде 7 (жеті) пайызы мөлшерінде қаражат бөледі.».
2. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасының
Премьер-Министрі Ә. Смайылов
Қазақстанның Премьер-министрі мен Үкіметі жаңалықтарынан хабардар болыңыз — ресми Telegram-каналға жазылыңыз
Жазылу