28 Тамыз 2024, 17:06
«Орталық пайдаланылатын телекоммуникация желілерінің басым байланыс операторлары үшін телекоммуникацияның басқа желілерін қосу қызметтерін көрсетудің, сондай-ақ желілердің әрекеттестігі және трафикті өткізу бойынша осыған байланысты міндеттемелердің талаптарын айқындайтын қосу шартының үлгі нысанын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2009 жылғы 14 мамырдағы №709 қаулысының күші жойылды деп тану туралы
Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. «Орталық пайдаланылатын телекоммуникация желілерінің басым байланыс операторлары үшін телекоммуникацияның басқа желілерін қосу қызметтерін көрсетудің, сондай-ақ желілердің әрекеттестігі және трафикті өткізу бойынша осыған байланысты міндеттемелердің талаптарын айқындайтын қосу шартының үлгі нысанын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2009 жылғы 14 мамырдағы № 709 қаулысының күші жойылды деп танылсын.
2. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасының
Премьер-Министрі О. Бектенов
Қазақстанның Премьер-министрі мен Үкіметі жаңалықтарынан хабардар болыңыз — ресми Telegram-каналға жазылыңыз
Жазылу