25 Қыркүйек 2023, 14:32
«Тыңайтқыштардың жекелеген түрлерін экспорттауға айрықша құқық берудің кейбір мәселелері туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2023 жылғы 12 мамырдағы № 362 қаулысына толықтырулар енгізу туралы
Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. «Тыңайтқыштардың жекелеген түрлерін экспорттауға айрықша құқық берудің кейбір мәселелері туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2023 жылғы 12 мамырдағы № 362 қаулысына мынадай толықтырулар енгізілсін:
1-тармақтың 2) тармақшасындағы «тізбесі бекітілсін.» деген сөздер «тізбесі;» деген сөзбен ауыстырылып, мынадай мазмұндағы 3) тармақшамен толықтырылсын:
«3) Тыңайтқыштардың жекелеген түрлерін экспорттауға арналған айрықша лицензияның қолданылуын тоқтата тұру немесе тоқтату қағидалары бекітілсін.»;
мынадай мазмұндағы 2-1-тармақпен толықтырылсын:
«2-1. Тыңайтқыштардың жекелеген түрлерін экспорттауға арналған айрықша лицензияның қолданылу мерзімі оның қолданылу мерзімі басталған күннен бастап бір жылды құрайды және сыртқы сауда шартының (келісімшартының) немесе айрықша лицензия беру үшін негіз болып табылатын құжаттың қолданылу мерзімімен шектелуі мүмкін.»;
осы қаулыға қосымшаға сәйкес Тыңайтқыштардың жекелеген түрлерін экспорттауға арналған айрықша лицензияның қолданылуын тоқтата тұру немесе тоқтату қағидаларымен толықтырылсын.
2. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасының
Премьер-Министрі Ә. Смайылов
Қазақстанның Премьер-Министрі мен Үкіметі жаңалықтарынан хабардар болыңыз — ресми Telegram-каналға жазылыңыз
Жазылу