Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2026 жылғы 15 қаңтардағы №1176 қаулысы

«Іскер аймақ» шағын бизнесті қолдаудың 

бірыңғай бағдарламасын бекіту туралы

 

Мемлекет басшысының 2025 жылғы 5 желтоқсанда «Алтын сапа» және «Парыз» сыйлықтарының лауреаттарын, сондай-ақ «Қазақстанның үздік тауары» конкурсының жеңімпаздарын марапаттау рәсімінде айтылған Шағын бизнесті қолдаудың бірыңғай бағдарламасын шұғыл қабылдау туралы тапсырмасын орындау мақсатында Қазақстан Республикасының Кәсіпкерлік кодексі 94-бабының 3-тармағына және 96-бабының 5-тармағына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

1. Мыналар:

1) осы қаулыға 1-қосымшаға сәйкес Сыйақы мөлшерлемесінің бір бөлігін субсидиялау қағидалары;

2) осы қаулыға 2-қосымшаға сәйкес Шағын кәсіпкерлік субъектілеріне қаржылай емес қолдау шараларын ұсыну қағидалары;

3) осы қаулыға 3-қосымшаға сәйкес Шағын кәсіпкерлік субъектілеріне инфрақұрылымдық қолдау көрсету қағидалары бекітілсін.

2. Осы қаулының орындалуын бақылау Қазақстан Республикасының Ұлттық экономика министрлігіне жүктелсін.

3. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.


 

Қазақстан Республикасының

Премьер-Министрі                                              О. Бектенов

 

Қосымша 1

Қосымша 2

Қосымша 3

Қазақстанның Премьер-министрі мен Үкіметі жаңалықтарынан хабардар болыңыз — ресми Telegram-каналға жазылыңыз

Жазылу