Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2025 жылғы 15 желтоқсандағы №1086 қаулысы

Қазақстан Республикасы Үкіметінің «Міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру жүйесіндегі медициналық көмектің тізбесін бекіту туралы» 2019 жылғы 20 маусымдағы № 421 және «Тегін медициналық көмектің кепілдік берілген көлемінің тізбесін бекіту және Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдерінің күші жойылды деп тану туралы» 2020 жылғы 16 қазандағы № 672 қаулыларына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы

 

Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

1. Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне мынадай өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін:

1) «Міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру жүйесіндегі медициналық көмектің тізбесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2019 жылғы 20 маусымдағы № 421 қаулысында:

көрсетілген қаулымен бекітілген міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру жүйесіндегі медициналық көмектің тізбесі (бұдан әрі – тізбе) осы қаулыға қосымшаға сәйкес жаңа редакцияда жазылсын;

          2) «Тегін медициналық көмектің кепілдік берілген көлемінің тізбесін бекіту және Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдерінің күші жойылды деп тану туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2020 жылғы 16 қазандағы № 672 қаулысында:

көрсетілген қаулымен бекітілген тегін медициналық көмектің кепілдік берілген көлемінің тізбесінде:

          3-тармақтың 1) және 2) тармақшалары мынадай редакцияда жазылсын:

«1) медициналық көмекке алғашқы жүгіну;

2) әлеуметтік мәні бар аурулардың профилактикасы, диагностикасы және

оларды емдеу бойынша қызметтер көрсету;»;

4-тармақта:

1) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:

«1) уәкілетті орган айқындайтын тізбе бойынша аурулардың профилактикасы мен диагностикасы;»;

4) тармақша  алып тасталсын;

мынадай мазмұндағы 6) тармақшамен толықтырылсын:

«6) артериялық гипертонияны, жүректің ишемиялық ауруын, глаукоманы, қантты диабетті, В және С вирустық гепатиттерін және басқа ауруларды ерте анықтау тұрғысынан уәкілетті орган айқындайтын тізбе бойынша және тәртіппен скринингтік зерттеулер.»;

5-тармақ  мынадай редакцияда жазылсын:

«5. Әлеуметтік мәні бар аурулар кезінде стационарды алмастыратын жағдайлардағы мамандандырылған медициналық көмек, сондай-ақ елдегі эпидемиологиялық жағдайдың нашарлауын туындататын аурулар кезінде және оларға күдік туындаған жағдайларда үйде стационар көрсететін қызметтер.»;

6-тармақтың 3) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:

«3) уәкілетті орган айқындаған тізбе бойынша МӘМС жүйесінде көрсетілетін қызметтерді тұтынушылар болып табылмайтын адамдар үшін өміріне қауіп төндірген жай-күй кезінде шұғыл нысандағы, оның ішінде уәкілетті орган айқындаған тізбе бойынша тәулік бойы жұмыс істейтін стационардың қабылдау бөлімшесінде емдік-диагностикалық іс-шаралар жүргізу;»;

7-тармақтың 2) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:

«2) туберкулезбен ауыратын, психикалық, мінез-құлықтық бұзылушылықтары (аурулары) бар адамдарға.»;

9-тармақ  мынадай редакцияда жазылсын:

«9. Қан препараттарымен және оның компоненттерімен қамтамасыз ету.»;

11-тармақ алып тасталсын;

мынадай мазмұндағы 14-тармақпен толықтырылсын:

«14. Әлеуметтік мәні бар аурулар, оның ішінде туберкулезді, АИТВ инфекциясын, қатерлі ісіктерді, созылмалы вирустық гепатиттер мен бауыр циррозын, психикалық, мінез-құлықтық бұзылушылықтарды (ауруларды), орфандық ауруларды, жүйке жүйесінің дегенеративті ауруларын, орталық жүйке жүйесінің миелинсіздендіруші ауруларын, эпилепсияны, алғашқы алты айда болған жіті миокард инфарктін, бір жылда болған инсульттерді қамтитын тізбені уәкілетті орган бекітеді.».

2. Осы қаулы:

1) 2027 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілетін осы қаулының
2) тармақшасының үшінші, төртінші, бесінші, он төртінші, он бесінші және жиырмасыншы абзацтарын және тізбенің 2-тармағын;

2) алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізілетін  тізбенің 1-тармағының 2), 3), 4), 5), 6),  тармақшаларын, 3-тармағын, 4-тармағының 2) тармақшасын, 6, 7, 8-тармақтарын қоспағанда, 2026 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізіледі.

 

Қазақстан Республикасының

Премьер-Министрі                                                            О. Бектенов

 

Қосымша

Қазақстанның Премьер-министрі мен Үкіметі жаңалықтарынан хабардар болыңыз — ресми Telegram-каналға жазылыңыз

Жазылу