Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2024 жылғы 15 мамырдағы №387 қаулысы

Маңғыстау облысының шекарасын өзгерту туралы

«Қазақстан Республикасының Мемлекеттік шекарасы туралы» Қазақстан Республикасының Заңына және «Қазақстан Республикасының әкімшілік-аумақтық құрылысы туралы» Қазақстан Республикасының Заңы 10-бабының 1-1) тармақшасына сәйкес  Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

1.  Осы қаулыға қосымшаға сәйкес Каспий теңізіндегі Қазақстан Республикасы аумақтық суларының (теңізінің) ені мен Қазақстан Республикасы аумақтық суларының (теңізінің) сыртқы шегін есептеуге арналған бастапқы сызықтар арасындағы ені он екі теңіз милі болатын жалпы ауданы 1638837,5075 гектар жерді Маңғыстау облысының аумағына қосу жолымен Маңғыстау облысының шекарасы өзгертілсін.     

2. Маңғыстау облысының әкімдігі осы қаулыдан туындайтын шараларды қабылдасын.

3. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

 

Қазақстан Республикасының 

Премьер-Министрі                                             О. Бектенов 

 

Қосымша

Қазақстанның Премьер-министрі мен Үкіметі жаңалықтарынан хабардар болыңыз — ресми Telegram-каналға жазылыңыз

Жазылу