23 Мамыр 2024, 09:43
«Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің кейбір мәселелері» туралы Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2017 жылғы 18 ақпандағы № 81 қаулысына өзгеріс енгізу туралы
Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. «Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің кейбір мәселелері» туралы Қазақстан Республикасы Үкіметінің
2017 жылғы 18 ақпандағы №81 қаулысына мынадай өзгеріс енгізілсін:
көрсетілген қаулымен бекітілген Қазақстан Республикасының Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі туралы ережеде:
15-тармақтың 114) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
«114) қандастарды қабылдау жөніндегі комиссияның үлгілік ережесін, сондай-ақ Қазақстан Республикасына қандастарды қабылдаудың өңірлік квотасынан тыс қоныс аударған қандастарға және олардың отбасы мүшелеріне біржолғы жәрдемақы төлеудің үлгілік қағидаларын бекіту;»;
2. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасының
Премьер-Министрі О. Бектенов
Қазақстанның Премьер-министрі мен Үкіметі жаңалықтарынан хабардар болыңыз — ресми Telegram-каналға жазылыңыз
Жазылу