19 Шілде 2024, 12:37
«Азаматтық қызметшілерге, мемлекеттік бюджет қаражаты есебінен ұсталатын ұйымдардың қызметкерлеріне, қазыналық кәсіпорындардың қызметкерлеріне еңбекақы төлеу жүйесі туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2015 жылғы 31 желтоқсандағы№ 1193 қаулысына өзгеріс енгізу туралы
Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. «Азаматтық қызметшілерге, мемлекеттік бюджет қаражаты есебінен ұсталатын ұйымдардың қызметкерлеріне, қазыналық кәсіпорындардың қызметкерлеріне еңбекақы төлеу жүйесі туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2015 жылғы 31 желтоқсандағы № 1193 қаулысына мынадай өзгеріс енгізілсін:
көрсетілген қаулыға 18-қосымшада:
реттік нөмірі 12-жол мынадай редакцияда жазылсын:
«
|
12. |
|
Ғылыми дәрежесі үшін қосымша ақы |
|
|
|
|
|
Ғылым кандидаттарына, философия докторларына (PhD), бейіні бойынша докторларға |
|
17 АЕК |
Көрсетілген қосымша ақы базалық қаржыландыру және іргелі ғылыми зерттеулерді жүзеге асыратын ғылыми ұйымдарды қаржыландыру шеңберінде немесе гранттық және бағдарламалық-нысаналы қаржыландыру жобалары бойынша бекітілген сомалар шегінде ғылыми-зерттеу жұмыстарын жүзеге асыратын ғылыми қызметкерлерге,
|
|
|
|
Ғылым докторларына |
|
34 АЕК |
|
|
|
|
Ғылым кандидаты, философия докторы (PhD) және бейіні бойынша доктор ғылыми дәрежесі бар қауымдастырылған профессорларға (доценттерге) |
|
25 АЕК |
|
|
|
|
Ғылым докторы ғылыми дәрежесі бар қауымдастырылған профессорларға (доценттерге) |
|
42 АЕК |
|
|
|
|
Ғылым кандидаты, философия докторы (PhD), бейіні бойынша доктор және ғылым докторы ғылыми дәрежесі бар профессорларға |
|
50 АЕК |
|
|
».
2. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасының
Премьер-Министрі О. Бектенов
Қазақстанның Премьер-министрі мен Үкіметі жаңалықтарынан хабардар болыңыз — ресми Telegram-каналға жазылыңыз
Жазылу