26 Қазан 2023, 10:02
Шымкент қаласының бас жоспары туралы (негізгі ережелерді қоса алғанда)
«Қазақстан Республикасындағы сәулет, қала құрылысы және құрылыс қызметі туралы»Қазақстан Республикасының Заңы 19-бабының 5) тармақшасына сәйкес Шымкент қаласын кешенді дамытуды қамтамасыз ету мақсатында Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Қоса беріліп отырған, Шымкент қаласының мәслихаты мақұлдаған Шымкент қаласының бас жоспарының жобасы (негізгі ережелерді қоса алғанда) бекітілсін.
2. «Оңтүстік Қазақстан облысы Шымкент қаласының бас жоспары туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2012 жылғы 3 қыркүйектегі № 1134 қаулысының күші жойылды деп танылсын.
3. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасының
Премьер-Министрі Ә. Смайылов
Қазақстанның Премьер-Министрі мен Үкіметі жаңалықтарынан хабардар болыңыз — ресми Telegram-каналға жазылыңыз
Жазылу