Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2025 жылғы 17 желтоқсандағы №1089 қаулысы

Мемлекеттік әлеуметтiк сақтандыру қорынан төленетін әлеуметтiк төлемдердің мөлшерін 2026 жылғы 1 қаңтардан бастап арттыру туралы

 

Қазақстан Республикасы Әлеуметтік кодексінің 11-бабы 2) тармақшасына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

1. 2026 жылғы 1 қаңтарға дейін Мемлекеттік әлеуметтік сақтандыру қорынан тағайындалған еңбекке қабілеттіліктен айырылу және асыраушысынан айырылу жағдайлары бойынша төленетін әлеуметтік төлемдердің мөлшерлерін 2026 жылғы 1 қаңтардан бастап алатын әлеуметтік төлемдердің мөлшерінен 10 пайызға арттыру жүргізілсін.

2. Осы қаулы 2026 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізіледі және ресми жариялануға тиіс.

 

Қазақстан Республикасының

Премьер-Министрі                                                             О. Бектенов

Қазақстанның Премьер-министрі мен Үкіметі жаңалықтарынан хабардар болыңыз — ресми Telegram-каналға жазылыңыз

Жазылу