Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2025 жылғы 18 тамыздағы №635 қаулысы

 

 

«Еңбек қызметін жүзеге асыру үшін шетелдік жұмыс күшін тартуға жергілікті атқарушы органдардың рұқсаты талап етілмейтін адамдардың тізбесін айқындау туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2023 жылғы 24 қарашадағы № 1041 қаулысына өзгеріс енгізу туралы

 

 

Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

1. «Еңбек қызметін жүзеге асыру үшін шетелдік жұмыс күшін тартуға жергілікті атқарушы органдардың рұқсаты талап етілмейтін адамдардың тізбесін айқындау туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2023 жылғы
24 қарашадағы № 1041 қаулысына мынадай өзгеріс енгізілсін:

көрсетілген қаулымен бекітілген еңбек қызметін жүзеге асыру үшін шетелдік жұмыс күшін тартуға жергілікті атқарушы органдардың рұқсаты талап етілмейтін адамдардың тізбесінде:

16) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:

«16) жарғылық капиталында қатысу үлесінің жүз пайызы шетелдік болып табылатын  қазақстандық заңды тұлғаның  бірінші басшысы және оның орынбасары болып жұмыс істейтіндер (осы лауазымдар бойынша бір бірліктен аспайды);»

2. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

 

 

 

Қазақстан Республикасының

Премьер-Министрі                                                             О. Бектенов

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Қазақстанның Премьер-министрі мен Үкіметі жаңалықтарынан хабардар болыңыз — ресми Telegram-каналға жазылыңыз

Жазылу