Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2024 жылғы 18 қыркүйектегі №761 қаулысы

Пилоттық жоба шеңберінде блоктық бюджетті енгізу, оның жұмыс істеу қағидаларын бекіту және блоктық бюджетті пайдаланатын мемлекеттік органдар тізбесін айқындау туралы

 

Қазақстан Республикасының Бюджет кодексі 2-1-бабының 2 және 3-тармақтарына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

1. Қоса беріліп отырған Пилоттық жоба шеңберінде блоктық бюджетті енгізу, оның жұмыс істеу қағидалары бекітілсін.

2. Осы қаулыға қосымшаға сәйкес блоктық бюджетті пайдаланатын мемлекеттік органдардың тізбесі айқындалсын.

3. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі және 2027 жылғы 31 желтоқсанға дейін қолданылады.

 

Қазақстан Республикасының

Премьер-Министрі                                                             О. Бектенов

 

Қағидалар
Тізбе

Қазақстанның Премьер-министрі мен Үкіметі жаңалықтарынан хабардар болыңыз — ресми Telegram-каналға жазылыңыз

Жазылу