24 Желтоқсан 2025, 11:00
«Мемлекеттік кәсіпорындар, акцияларының (жарғылық капиталға қатысу үлестерінің) елу пайызынан астамы мемлекетке тиесілі заңды тұлғалар және олармен үлестес тұлғалар жүзеге асыратын қызмет түрлерінің тізбесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2015 жылғы 28 желтоқсандағы № 1095 қаулысына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы
Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
көрсетілген қаулымен бекітілген мемлекеттік кәсіпорындар, акцияларының (жарғылық капиталға қатысу үлестерінің) елу пайызынан астамы мемлекетке тиесілі заңды тұлғалар және олармен үлестес тұлғалар жүзеге асыратын қызмет түрлерінің тізбесінде:
реттік нөмірі 343-жолдың 5-бағанында:
9) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:
«9) республикалық мемлекеттік кәсіпорындар;»;
мынадай мазмұндағы 10) тармақшамен толықтырылсын:
«10) «Еуразиялық интеграция институты» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі»;
реттік нөмірі 347-жолдың 5-бағанында:
47) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:
«47) «Агроинженерия ғылыми-өндірістік орталығы» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі;»;
мынадай мазмұндағы 48) тармақшамен толықтырылсын:
«48) «Еуразиялық интеграция институты» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі»;
реттік нөмірі 376-жолдың 5-бағанында:
2) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:
«2) «Әлеуметтік қорғау саласын дамытудың ұлттық ғылыми орталығы» шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорны;»;
мынадай мазмұндағы 3) тармақшамен толықтырылсын:
«3) Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрлігінің «Ы. Алтынсарин атындағы Ұлттық білім академиясы» шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорны».
Қазақстан Республикасының
Премьер-Министрі О. Бектенов
Қазақстанның Премьер-министрі мен Үкіметі жаңалықтарынан хабардар болыңыз — ресми Telegram-каналға жазылыңыз
Жазылу