22 Қаңтар 2026, 11:29
«Иеліктен шығаруға жатпайтын, мемлекеттік меншіктегі және квазимемлекеттік сектор субъектілерінің меншігіндегі объектілердің, оның ішінде стратегиялық объектілердің тізбелерін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2017 жылғы 29 желтоқсандағы № 927 қаулысына өзгеріс енгізу туралы
Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. «Иеліктен шығаруға жатпайтын, мемлекеттік меншіктегі және квазимемлекеттік сектор субъектілерінің меншігіндегі объектілердің, оның ішінде стратегиялық объектілердің тізбелерін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2017 жылғы 29 желтоқсандағы № 927 қаулысына мынадай өзгеріс енгізілсін:
көрсетілген қаулымен бекітілген иеліктен шығаруға жатпайтын, мемлекеттік меншіктегі объектілердің, оның ішінде стратегиялық объектілердің тізбесінде:
17-1-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«17-1. Мынадай жоғары және (немесе) жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру ұйымдарының акциялары:
«Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетi» коммерциялық емес акционерлік қоғамы;
«Л.Н. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университеті» коммерциялық емес акционерлік қоғамы;
«Абай атындағы Қазақ ұлттық педагогикалық университетi» коммерциялық емес акционерлік қоғамы;
«Қ.И. Сәтбаев атындағы Қазақ ұлттық техникалық зерттеу университеті» коммерциялық емес акционерлік қоғамы;
«Қазақ ұлттық қыздар педагогикалық университеті» коммерциялық емес акционерлік қоғамы;
«Қ. Жұбанов атындағы Ақтөбе өңірлік университетi» коммерциялық емес акционерлік қоғамы;
«Сафи Өтебаев атындағы Атырау мұнай және газ университеті» коммерциялық емес акционерлік қоғамы;
«Халел Досмұхамедов атындағы Атырау университеті» коммерциялық емес акционерлік қоғамы;
«Ыбырай Алтынсарин атындағы Арқалық педагогикалық университеті» коммерциялық емес акционерлік қоғамы;
«Сәрсен Аманжолов атындағы Шығыс Қазақстан университетi» коммерциялық емес акционерлік қоғамы;
«Д. Серiкбаев атындағы Шығыс Қазақстан техникалық университетi» коммерциялық емес акционерлік қоғамы;
«Ілияс Жансүгіров атындағы Жетісу университеті» коммерциялық емес акционерлік қоғамы;
«Махамбет Өтемісов атындағы Батыс Қазақстан университеті» коммерциялық емес акционерлік қоғамы;
«Академик Е.А. Бөкетов атындағы Қарағанды ұлттық зерттеу университеті» коммерциялық емес акционерлік қоғамы;
«Әбілқас Сағынов атындағы Қарағанды техникалық университетi» коммерциялық емес акционерлік қоғамы;
«Қарағанды индустриялық университеті» коммерциялық емес акционерлік қоғамы;
«Ш. Есенов атындағы Каспий технологиялар және инжиниринг университеті» коммерциялық емес акционерлік қоғамы;
«Ш. Уәлиханов атындағы Көкшетау университетi» коммерциялық емес акционерлік қоғамы;
«Ахмет Байтұрсынұлы атындағы Қостанай өңірлік университеті» коммерциялық емес акционерлік қоғамы;
«Қорқыт Ата атындағы Қызылорда университеті» коммерциялық емес акционерлік қоғамы;
«Әлкей Марғұлан атындағы Павлодар педагогикалық университеті» коммерциялық емес акционерлік қоғамы;
«Рудный индустриялық университеті» коммерциялық емес акционерлік қоғамы;
«Манаш Қозыбаев атындағы Солтүстік Қазақстан университеті» коммерциялық емес акционерлік қоғамы;
«Торайғыров университеті» коммерциялық емес акционерлік қоғамы;
«Шәкәрім университеті» коммерциялық емес акционерлік қоғамы;
«М. Әуезов атындағы Оңтүстiк Қазақстан университетi» коммерциялық емес акционерлік қоғамы;
«Өзбекәлі Жәнібеков атындағы Оңтүстік Қазақстан педагогикалық университеті» коммерциялық емес акционерлік қоғамы;
«Астана медицина университеті» коммерциялық емес акционерлік қоғамы;
«С.Ж. Асфендияров атындағы Қазақ ұлттық медицина университеті» коммерциялық емес акционерлік қоғамы;
«Семей медицина университеті» коммерциялық емес акционерлік қоғамы;
«Марат Оспанов атындағы Батыс Қазақстан медицина университеті» коммерциялық емес акционерлік қоғамы;
«Халықаралық туризм және меймандостық университеті» коммерциялық емес акционерлік қоғамы;
«Қазақ ұлттық аграрлық зерттеу университеті» коммерциялық емес акционерлік қоғамы;
«Сәкен Сейфуллин атындағы Қазақ агротехникалық зерттеу университеті» коммерциялық емес акционерлік қоғамы;
«Жәңгір хан атындағы Батыс Қазақстан аграрлық-техникалық университеті» коммерциялық емес акционерлік қоғамы;
«Қарағанды медицина университеті» коммерциялық емес акционерлік қоғамы;
«М.Х. Дулати атындағы Тараз университеті» коммерциялық емес акционерлік қоғамы;
«Қазақ ұлттық су шаруашылығы және ирригация университеті» коммерциялық емес акционерлік қоғамы.».
2. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасының
Премьер-Министрі О. Бектенов
Қазақстанның Премьер-министрі мен Үкіметі жаңалықтарынан хабардар болыңыз — ресми Telegram-каналға жазылыңыз
Жазылу