Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2023 жылғы 19 қазандағы №925 қаулысы

Мемлекеттiк әлеуметтiк сақтандыру қорынан төленетiн әлеуметтiк төлемдердiң мөлшерлерін 2024 жылғы 1 қаңтардан бастап арттыру туралы

 

 

Қазақстан Республикасының Әлеуметтік кодексі 11-бабының 2) тармақшасына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

1. 2024 жылғы 1 қаңтарға дейін Мемлекеттік әлеуметтік сақтандыру қорынан еңбекке қабілеттіліктен айырылу және асыраушысынан айырылу жағдайлары бойынша тағайындалған әлеуметтік төлемдердің мөлшерлерін 
2024 жылғы 1 қаңтардан бастап алынатын әлеуметтік төлемдердің мөлшерінен 
7 пайызға арттыру жүргізілсін.

2. Осы қаулы 2024 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізіледі және ресми жариялануға тиіс. 

 

Қазақстан Республикасының

Премьер-Министрі                                                                        Ә. Смайылов

Қазақстанның Премьер-Министрі мен Үкіметі жаңалықтарынан хабардар болыңыз — ресми Telegram-каналға жазылыңыз

Жазылу