25 Маусым 2025, 12:00
«Мемлекет кепілдік берген мемлекеттік емес қарыз қаражаты есебінен қаржыландыру ұсынылатын жобалардың 2025 жылға арналған тізбесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2025 жылғы 14 сәуірдегі №237 қаулысына толықтырулар енгізу туралы
Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. «Мемлекет кепілдік берген мемлекеттік емес қарыз қаражаты есебінен қаржыландыру ұсынылатын жобалардың 2025 жылға арналған тізбесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2025 жылғы 14 сәуірдегі
№ 237 қаулысына мынадай толықтырулар енгізілсін:
көрсетілген қаулымен бекітілген мемлекет кепілдік берген мемлекеттік емес қарыз қаражаты есебінен қаржыландыру ұсынылатын жобалардың
2025 жылға арналған тізбесі мынадай мазмұндағы реттік нөмірі 6 және 7-жолдармен толықтырылсын:
«
|
6 |
Қарағанды қаласындағы Аэрация станциясының кәріздік тазарту құрылысжайларын реконструкциялау |
56263704200 теңге |
2025 – 2039 жылдар |
50289331600 теңгеге дейін (не қарыз валютасына баламалы/тең мәнді) |
«Қарағанды Су» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі |
Еуропа Қайта құру және Даму Банкі |
|
7 |
М-32 «РФ шекарасы (Самараға дейін) – Шымкент» республикалық маңызы бар автомобиль жолының «Ақтөбе – Қарабұтақ – Ұлғайсын» учаскесін, 763-791 км және 819-1025 км реконструкциялау» |
522668800000 теңге |
2025 – 2048 жылдар |
459948500000 теңгеге дейін (не қарыз валютасына баламалы/тең мәнді), оның ішінде: 2025 жыл – 155000000000 теңге ( Еуропа Қайта құру және Даму Банкі – 77500000000 теңге, Азия Инфрақұрылымдық Инвестициялар Банкі – 77500000000 теңге); 2026 жыл – 304948500000 теңге (Еуропа Қайта құру және Даму Банкі – 152474250000 теңге, Азия Инфрақұрылымдық Инвестициялар Банкі – 152474250000 теңге) |
«ҚазАвтоЖол» ұлттық компаниясы» акционерлік қоғамы |
Азия Инфрақұрылымдық Инвестициялар Банкі, Еуропа Қайта құру және Даму Банкі |
».
2. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі және ресми жариялануға тиіс.
Қазақстан Республикасының
Премьер-Министрі О. Бектенов
Қазақстанның Премьер-министрі мен Үкіметі жаңалықтарынан хабардар болыңыз — ресми Telegram-каналға жазылыңыз
Жазылу