24 Шілде 2026, 10:00
«Жеке кәсіпкерлік субъектілерін бірнеше салалық мемлекеттік органның құзыретіне жататын экономиканың әртүрлі салаларында ұсынылатын мемлекеттік қаржылай емес қолдау тәртібін, нысандарын және оларға қолдау көрсетуге қажетті басқа да шарттарды бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2024 жылғы 5 тамыздағы № 626 қаулысына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы
Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. «Жеке кәсіпкерлік субъектілерін бірнеше салалық мемлекеттік органның құзыретіне жататын экономиканың әртүрлі салаларында ұсынылатын мемлекеттік қаржылай емес қолдау тәртібін, нысандарын және оларға қолдау көрсетуге қажетті басқа да шарттарды бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2024 жылғы 5 тамыздағы № 626 қаулысына мынадай өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін:
көрсетілген қаулымен бекітілген Жеке кәсіпкерлік субъектілерін бірнеше салалық мемлекеттік органның құзыретіне жататын экономиканың әртүрлі салаларында ұсынылатын мемлекеттік қаржылай емес қолдау тәртібінде, нысандарында және оларға қолдау көрсетуге қажетті басқа да шарттарда:
2-тармақта:
26) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:
«26) электрондық цифрлық қолтаңба (бұдан әрі – ЭЦҚ) – электрондық цифрлық қолтаңбаның жабық кілті мен электрондық цифрлық қолтаңба құралдарын пайдалана отырып жасалған, электрондық құжаттың анықтығын, оның тиесілілігін және мазмұнының өзгермейтіндігін растайтын цифрлық жазба (цифрлық деректер жиынтығы).»;
мынадай мазмұндағы 3-1 және 3-2-тармақтармен толықтырылсын:
«3-1. Бюджетті атқару жөніндегі орталық уәкілетті орган кәсіпкерлік жөніндегі уәкілетті органмен келісу бойынша бюджетті атқару жөніндегі орталық уәкілетті орган айқындаған тәртіппен жеке кәсіпкерлікті мемлекеттік қолдау шараларына және оларды алушыларға мониторинг жүргізуді қамтамасыз етеді.
Жеке кәсіпкерлікті мемлекеттік қолдау шараларының пайдаланылуы мен оларды алушыларды мониторингтеуді техникалық сүйемелдеуді бюджетті атқару жөніндегі орталық уәкілетті орган айқындайтын, жалғыз акционері мемлекет болып табылатын заңды тұлға (бұдан әрі – тіркеуші) жеке кәсіпкерлікті мемлекеттік қолдаудың екі деңгейлі жүйесі шеңберінде жүзеге асырады, ол мыналарды қамтиды:
1) бірінші деңгей – екінші деңгейдегі жүйелермен интеграцияланған, жеке кәсіпкерлікті мемлекеттік қолдау шараларын алушылар өтінімдерінің эталондық электрондық тізілімін қамтитын тіркеу жүйесі, онда түпкілікті форматтық-логикалық бақылаудан кейінгі бақылау арқылы жеке кәсіпкерлікті мемлекеттік қолдау шараларын алушының жеке кәсіпкерлікті мемлекеттік қолдау шараларының пайдаланылуы мен оларды алушыларға мониторинг жүргізу қағидалары шеңберінде бюджетті атқару жөніндегі уәкілетті орган айқындайтын базалық талаптарға сәйкестігі айқындалады;
2) екінші деңгей – жеке кәсіпкерлікті мемлекеттік қолдау шараларын алушылардан өтінімдерді қабылдау, оларды форматтық-логикалық бақылауды қолданумен өңдеу және өңделген өтінімдерді бірінші деңгейге беру жүзеге асырылатын салалық мемлекеттік немесе мемлекеттік емес цифрлық жүйелер.
Екінші деңгейдегі цифрлық жүйелер жеке кәсіпкерлікті мемлекеттік қолдау шараларын алушылардан заңмен қорғалатын құпияны құрайтын мәліметтерді пайдалануға, сондай-ақ тіркеушінің дербес деректерді жинауына, өңдеуіне, сақтауына, жүктеп алуына және пайдалануына келісімін алуды қамтамасыз етеді.
3-2. Жеке кәсіпкерлікті мемлекеттік қолдау шараларын беруге өтінім беру екінші деңгейдегі цифрлық жүйе (қаржылай емес қолдау операторының
веб-порталы) арқылы электрондық түрде жүзеге асырылады.
Екінші деңгейдегі цифрлық жүйе (қаржылай емес қолдау операторының веб-порталы) жеке кәсіпкерлікті мемлекеттік қолдау шараларын алушының базалық талаптарға сәйкестігін тексеру туралы бірінші деңгейдегі жүйеге сұрау салуды жібереді.
Жеке кәсіпкерлікті мемлекеттік қолдау шараларын алушының өтінімі бірінші деңгейдегі жүйенің жеке кәсіпкерлікті мемлекеттік қолдау шараларын алушының базалық талаптарға сәйкестігі туралы хабарламасын алған кезде екінші деңгейдегі цифрлық жүйеде (қаржылай емес қолдау операторының
веб-порталы) одан әрі өңделуге тиіс.
Өтінімде көрсетілген мәліметтерді және өтінімді өңдеу мәртебесін екінші деңгейдегі цифрлық жүйе (қаржылай емес қолдау операторының веб-порталы) бірінші деңгейдегі жүйеге береді.
Бірінші деңгейдегі жүйенің жеке кәсіпкерлікті мемлекеттік қолдау шараларын алушының базалық талаптарға сәйкес келмеуін анықтауы жеке кәсіпкерлікті мемлекеттік қолдау шараларын ұсынудан бас тартуға негіз болады.»;
көрсетілген Қағидаларға 1, 2, 3, 4, 6, 9, 11 және 12-қосымшалар осы қаулыға 1, 2, 3, 4, 5, 6, 7 және 8-қосымшаларға сәйкес жаңа редакцияда жазылсын.
2. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасының
Премьер-Министрі О. Бектенов
Қазақстанның Премьер-министрі мен Үкіметі жаңалықтарынан хабардар болыңыз — ресми Telegram-каналға жазылыңыз
Жазылу