Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2023 жылғы 20 желтоқсандағы №1152 қаулысы

«Өнімнің өмірлік циклі сатыларында Қазақстан Республикасының Үкіметі айқындаған тиісті техникалық регламенттер талаптарының сақталуына мемлекеттік бақылау мен қадағалауды жүзеге асыратын уәкілетті органдарды айқындау және «Техникалық регламенттер талаптарының сақталуына мемлекеттік бақылауды (қадағалауды) қамтамасыз ету жөніндегі уәкілетті органды айқындау туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2019 жылғы 17 мамырдағы №296 қаулысының күші жойылды деп тану туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2021 жылғы 8 қазандағы №718 қаулысына өзгерістер енгізу туралы

 

Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДI:

1. «Өнімнің өмірлік циклі сатыларында Қазақстан Республикасының Үкіметі айқындаған тиісті техникалық регламенттер талаптарының сақталуына мемлекеттік бақылау мен қадағалауды жүзеге асыратын уәкілетті органдарды айқындау және «Техникалық регламенттер талаптарының сақталуына мемлекеттік бақылауды (қадағалауды) қамтамасыз ету жөніндегі уәкілетті органды айқындау туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2019 жылғы 17 мамырдағы №296 қаулысының күші жойылды деп тану туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2021 жылғы 8 қазандағы №718 қаулысына мынадай өзгерістер енгізілсін:

кіріспе мынадай редакцияда жазылсын:

«Техникалық реттеу туралы» Қазақстан Республикасының Заңы 6-бабының 2) тармақшасына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:»;

көрсетілген қаулыға қосымшада:

реттік нөмірлері 1 және 2-жолдар мынадай редакцияда жазылсын:

«

1.

 

 

 

 

 

 

 

Техникалық реттеу саласындағы уәкілетті орган ведомствосы

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

«Жылжымалы темір жол құрамының қауіпсіздігі туралы» Кеден одағының техникалық регламенті (КО ТР 001/2011)

Өткізу (оның ішінде тасымалдау және сақтау)

«Жоғары жылдамдықты теміржол көлігінің қауіпсіздігі туралы» Кеден одағының техникалық регламенті (КО ТР 002/2011)

«Темір жол көлігі инфрақұрылымының қауіпсіздігі туралы» Кеден одағының техникалық регламенті (КО ТР 003/2011)

«Төмен вольтты жабдықтардың қауіпсіздігі туралы» Кеден одағының техникалық регламенті (КО ТР 004/2011)

«Пиротехникалық бұйымдардың қауіпсіздігі туралы» Кеден одағының техникалық регламенті (КО ТР 006/2011) (азаматтық пиротехникалық бұйымдар бөлігінде)

«Машиналар мен жабдықтардың қауіпсіздігі туралы» Кеден одағының техникалық регламенті (КО ТР 010/2011)

«Лифтілердің қауіпсіздігі» Кеден одағының техникалық регламенті (КО ТР 011/2011)

«Жарылу қаупі бар ортада жұмыс істеуге арналған жабдықтардың қауіпсіздігі туралы» Кеден одағының техникалық регламенті (КО ТР 012/2011)

«Автомобиль және авиация бензиніне, дизель және кеме отынына, реактивті қозғалтқыштарға арналған отынға және мазутқа қойылатын талаптар туралы» Кеден одағының техникалық регламенті (КО ТР 013/2011)

«Автомобиль жолдарының қауіпсіздігі» Кеден одағының техникалық регламенті (КО ТР 014/2011) (жол-құрылыс материалдары мен бұйымдары бөлігінде)

«Газ тәрізді отынмен жұмыс істейтін аппараттардың қауіпсіздігі туралы» Кеден одағының техникалық регламенті (КО ТР 016/2011)

«Доңғалақты көлік құралдарының қауіпсіздігі туралы» Кеден одағының техникалық регламенті (КО ТР 018/2011)

«Техникалық құралдардың электр магниттік үйлесімділігі» Кеден одағының техникалық регламенті (КО ТР 020/2011)

«Шағын көлемді кемелердің қауіпсіздігі туралы» Кеден одағының техникалық регламенті (КО ТР 026/2012)

«Жарылғыш заттар мен олардың негізінде жасалған бұйымдардың қауіпсіздігі туралы» Кеден одағының техникалық регламенті (КО ТР 028/2012)

«Жағармай материалдарына, майларға және арнайы сұйықтықтарға қойылатын талаптар туралы» Кеден одағының техникалық регламенті (КО ТР 030/2012)

«Ауыл шаруашылығы және орман шаруашылығы тракторлары мен олардың тіркемелерінің қауіпсіздігі туралы» Кеден одағының техникалық регламенті (КО ТР 031/2012)

«Артық қысыммен жұмыс істейтін жабдықтардың қауіпсіздігі туралы» Кеден одағының техникалық регламенті (КО ТР 032/2013)

«Сұйылтылған көмірсутекті газдарды отын ретінде пайдалану үшін оларға қойылатын талаптар» Еуразиялық экономикалық одақтың техникалық регламенті (ЕАЭО ТР 036/2016)

«Электр техникасы және радиоэлектроника бұйымдарында қауіпті заттарды қолдануды шектеу туралы» Еуразиялық экономикалық одақтың техникалық регламенті (ЕАЭО ТР 037/2016)

«Аттракциондардың қауіпсіздігі туралы» Еуразиялық экономикалық одақтың техникалық регламенті (ЕАЭО ТР 038/2016)

«Минералды тыңайтқыштарға қойылатын талаптар туралы» Еуразиялық экономикалық одақтың техникалық регламенті (ЕАЭО ТР 039/2016)

«Химиялық өнімнің қауіпсіздігі туралы» Еуразиялық экономикалық одақтың техникалық регламенті (ЕАЭО ТР 041/2017)

«Балалар ойын алаңдарына арналған жабдықтардың қауіпсіздігі туралы» Кеден одағының техникалық регламенті (КО ТР 042/2017)

«Өрт қауіпсіздігін қамтамасыз ету және өрт сөндіру құралдарына қойылатын талаптар туралы» Еуразиялық экономикалық одақтың техникалық регламенті (ЕАЭО ТР 043/2017)

«Тасымалдауға және (немесе) пайдалануға дайындалған мұнайдың қауіпсіздігі туралы» Еуразиялық экономикалық одақтың техникалық регламенті (ЕАЭО ТР 045/2017)

«Тасымалдауға және (немесе) пайдалануға дайындалған жанғыш табиғи газдың қауіпсіздігі туралы» Еуразиялық экономикалық одақтың техникалық регламенті (ЕАЭО ТР 046/2018)

«Энергия тұтынатын электр құрылғыларының энергетикалық тиімділігіне қойылатын талаптар туралы» Еуразиялық экономикалық одақтың техникалық регламенті (ЕАЭО ТР 048/2019)

«Сұйық және газ тәрізді көмірсутектерді тасымалдауға арналған магистральдық құбырларға қойылатын талаптар туралы» Еуразиялық экономикалық одақтың техникалық регламенті (ЕАЭО ТР 049/2020)

«Азаматтық қорғанысқа және табиғи және техногендік сипаттағы төтенше жағдайлардан қорғауға арналған өнімнің қауіпсіздігі туралы» Еуразиялық экономикалық одақтың техникалық регламенті (ЕАЭО ТР 050/2021)

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2010 жылғы 17 шілдедегі №731 қаулысымен бекітілген «Көмірдің және оны өндірудің, қайта өңдеудің, сақтаудың және тасымалдаудың өндірістік процестерінің қауіпсіздігіне қойылатын талаптар» техникалық регламенті

 

 

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2010 жылғы 17 қарашадағы №1202 қаулысымен бекітілген «Ғимараттар мен құрылыстардың, құрылыс материалдары мен бұйымдарының қауіпсіздігіне қойылатын талаптар» техникалық регламенті (құрылыс материалдары мен бұйымдары бөлігінде)

 

Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің 2020 жылғы 29 сәуірдегі №143 бұйрығымен бекітілген «Тыңайтқыштардың қауіпсіздігіне қойылатын талаптар» техникалық регламенті (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде   № 20547 болып тіркелген)

Қазақстан Республикасы Сауда және интеграция министрінің 2021 жылғы 21 мамырдағы №348-НҚ бұйрығымен бекітілген «Өнімді таңбалауға қойылатын талаптар» техникалық регламенті (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде №22836 болып тіркелген)

Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитетінің 2021 жылғы 27 шілдедегі № 85/қе бұйрығымен бекітілген «Жедел-іздестіру іс-шараларын өткізуді, абоненттер туралы қызметтік ақпараттарды жинауды және сақтауды қамтамасыз ету бойынша телекоммуникациялық жабдықтарға қойылатын жалпы талаптар» техникалық регламенті (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде №23744 болып тіркелген)

 

 

 

Қазақстан Республикасы Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрінің 2023 жылғы 9 маусымдағы №435 бұйрығымен бекітілген «Ғимараттар мен құрылыстардың, құрылыс материалдары мен бұйымдарының қауіпсіздігі туралы» техникалық регламенті (Нормативтік құқықтық актілердің мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 32783 болып тіркелген) (құрылыс материалдары мен бұйымдары бөлігінде)

Өндіру, өткізу (оның ішінде өткізу кезінде тасымалдау және сақтау)

2.

Халықтың санитариялық-эпидемиологиялық саламаттылығы саласындағы уәкілетті орган

«Тамақ өнімдерінің қауіпсіздігі туралы» Кеден одағының техникалық регламенті (КО ТР 021/2011)

Өндіру, өткізу (оның ішінде қайта өңделген өнімді өткізу кезінде сақтау, тасымалдау және кәдеге жарату)

«Сүт және сүт өнімдерінің қауіпсіздігі туралы» Кеден одағының техникалық регламенті (КО ТР 033/2013)

«Ет және ет өнімдерінің қауіпсіздігі туралы» Кеден одағының техникалық регламенті (КО ТР 034/2013)

«Балық және балық өнімдерінің қауіпсіздігі туралы» Еуразиялық экономикалық одақтың техникалық регламенті (ЕАЭО ТР 040/2016)

«Алкоголь өнімдерінің қауіпсіздігі туралы» Еуразиялық экономикалық одақтың техникалық регламенті (ЕАЭО ТР 047/2018)

«Құс етінің және оның қайта өңделген өнімдерінің қауіпсіздігі туралы» Еуразиялық экономикалық одақтың техникалық регламенті (ЕАЭО 051/2021)

«Қаптама қауіпсіздігі туралы» Кеден одағының техникалық регламенті (КО ТР 005/2011)

Өткізу

«Балалар мен жасөспірімдерге арналған өнімнің қауіпсіздігі туралы» Кеден одағының техникалық регламенті (КО ТР 007/2011)

«Ойыншықтардың қауіпсіздігі туралы» Кеден одағының техникалық регламенті (КО ТР 008/2011)

«Парфюмерлік-косметикалық өнімдердің қауіпсіздігі туралы» Кеден одағының техникалық регламенті (КО ТР 009/2011)

«Жеңіл өнеркәсіп өнімдерінің қауіпсіздігі туралы» Кеден одағының техникалық регламенті (КО ТР 017/2011)

«Жеке қорғану құралдарының қауіпсіздігі туралы» Кеден одағының техникалық регламенті (КО ТР 019/2011)

«Азық-түлік өнімдері оны таңбалау бөлігінде» Кеден одағының техникалық регламенті (КО ТР 022/2011)

«Жиһаз өнімдерінің қауіпсіздігі туралы» Кеден одағының техникалық регламенті (КО ТР 025/2012)

 

«Жемістер мен көкөністерден жасалған шырын өнімдеріне техникалық регламент» Кеден одағының техникалық регламенті (КО ТР 023/2011)

Өндіру, өткізу (оның ішінде сақтау және тасымалдау)

«Май-тоңмай өнімдеріне техникалық регламент» Кеден одағының техникалық регламенті (КО ТР 024/2011)

 

«Мамандандырылған тамақ өнімдерінің жекелеген түрлерінің, оның ішінде диеталық емдік және диеталық профилактикалық тамақтанудың қауіпсіздігі туралы» Кеден одағының техникалық регламенті (КО ТР 027/2012)

Өндіру, өткізу (оның ішінде өткізу кезінде сақтау, тасымалдау және кәдеге жарату)

«Тағам қоспаларының, хош иістендіргіштердің және технологиялық қосалқы заттардың қауіпсіздігіне қойылатын талаптар» Кеден одағының техникалық регламенті (КО ТР 029/2012)

«Темекі өніміне арналған техникалық регламент» Кеден одағының техникалық регламенті (КО ТР 035/2014)

«Табиғи минералды суды қоса алғанда, қапталған ауызсудың қауіпсіздігі туралы» Еуразиялық экономикалық одақтың техникалық регламенті (ЕАЭО ТР 044/2017)

 

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2007 жылғы 29 желтоқсандағы № 1398 қаулысымен бекітілген «Лак-бояу материалдары мен еріткіштер қауіпсіздігіне қойылатын талаптар» техникалық регламенті

 

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2008 жылғы 4 наурыздағы № 217 қаулысымен бекітілген «Синтетикалық жуғыш құралдар мен тұрмыстық химия тауарларының қауіпсіздігіне қойылатын талаптар» техникалық регламенті

»;

реттік нөмірі 6-жол мынадай редакцияда жазылсын:

«

6.

Азаматтық қорғау саласындағы уәкілетті орган

«Өрт қауіпсіздігін қамтамасыз ету және өрт сөндіру құралдарына қойылатын талаптар туралы» Еуразиялық экономикалық одақтың техникалық регламенті (ЕАЭО ТР 043/2017)

Пайдалану

Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрінің 2021 жылғы 17 тамыздағы № 405 бұйрығымен бекітілген «Өрт қауіпсіздігіне қойылатын жалпы талаптар» техникалық регламенті (Нормативтік құқықтық актілердің мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 24045 болып тіркелген)

 

 

«Азаматтық қорғанысқа және табиғи және техногендік сипаттағы төтенше жағдайлардан қорғауға арналған өнімнің қауіпсіздігі туралы» Еуразиялық экономикалық одақтың техникалық регламенті (ЕАЭО ТР 050/2021) (азаматтық қорғанысқа арналған өнім бөлігінде)

 

     »;    

реттік нөмірлері 9 және 10-жолдар мынадай редакцияда жазылсын:

«

9.

Жергілікті атқарушы органдар

«Машиналар мен жабдықтардың қауіпсіздігі туралы» Кеден одағының техникалық регламенті (КО ТР 010/2011)

Пайдалану (әлеуметтік инфрақұрылым объектілерінде)

«Лифтілердің қауіпсіздігі» Кеден одағының техникалық регламенті (КО ТР 011/2011)

Пайдалану (әлеуметтік инфрақұрылым объектілерінде лифтілерді және лифтілердің қауіпсіздік құрылғыларын)

«Автомобиль жолдарының қауіпсіздігі» Кеден одағының техникалық регламенті (КО ТР 014/2011) (облыстық маңызы бар, қалалық, аудандық және ауылдық округтер жолдары бөлігінде)

Жобалау, салу, пайдалану

«Астық қауіпсіздігі туралы» Еуразиялық экономикалық одақтың техникалық регламенті (ЕАЭО ТР 015/2011)

Өткізу (оның ішінде өткізу кезінде сақтау және кәдеге жарату)

 

«Ауыл шаруашылығы және орман шаруашылығы тракторлары мен олардың тіркемелерінің қауіпсіздігі туралы» Кеден одағының техникалық регламенті (КО ТР 031/2012)

Пайдалану

 

«Аттракциондардың қауіпсіздігі туралы» Кеден одағының техникалық регламенті (КО ТР 038/2016)

«Балалар ойын алаңдарына арналған жабдықтардың қауіпсіздігі туралы» Кеден одағының техникалық регламенті (КО ТР 042/2017)

«Сұйық және газ тәрізді көмірсутектерді тасымалдауға арналған магистралдық құбыржолдарға қойылатын талаптар туралы» Кеден одағының техникалық регламенті (КО ТР 049/2020)

Жобалау, салу

«Артық қысыммен жұмыс істейтін жабдықтардың қауіпсіздігі туралы» Кеден одағының техникалық регламенті (КО ТР 032/2013)

Пайдалану (әлеуметтік инфрақұрылым объектілерінде артық қысыммен жұмыс істейтін жабдықтар бөлігінде)

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2010 жылғы 17 қарашадағы № 1202 қаулысымен бекітілген «Ғимараттар мен құрылыстардың, құрылыс материалдары мен бұйымдарының қауіпсіздігіне қойылатын талаптар» техникалық регламенті

Жобалау, салу, монтаждау, пайдалану

 

 

Қазақстан Республикасы Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрінің 2023 жылғы 9 маусымдағы № 435 бұйрығымен бекітілген «Ғимараттар мен құрылыстардың, құрылыс материалдары мен бұйымдарының қауіпсіздігі туралы техникалық регламентін бекіту туралы» (Нормативтік құқықтық актілердің мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 32783 болып тіркелген)

10.

Агроөнеркәсіптік кешенді дамыту және ветеринария саласындағы уәкілетті орган

«Тамақ өнімдерінің қауіпсіздігі туралы» Кеден одағының техникалық регламенті (КО ТР 021/2011)

Өндіру (оның ішінде өңделмеген өнімді сақтау, тасымалдау, өткізу және кәдеге жарату)

«Сүт және сүт өнімдерінің қауіпсіздігі туралы» Кеден одағының техникалық регламенті (КО ТР 033/2013)

«Ет және ет өнімдерінің қауіпсіздігі туралы» Кеден одағының техникалық регламенті (КО ТР 034/2013)

«Балық және балық өнімдерінің қауіпсіздігі туралы» Еуразиялық экономикалық одақтың техникалық регламенті (ЕАЭО ТР 040/2016)

 

«Құс етінің және оның қайта өңделген өнімдерінің қауіпсіздігі туралы» Еуразиялық экономикалық одақтың техникалық регламенті (ЕАЭО 051/2021)

 

 

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2008 жылғы 18 наурыздағы № 263 қаулысымен бекітілген «Азық және азық қоспаларының қауіпсіздігіне қойылатын талаптар» техникалық регламенті

Өткізу, пайдалану (қолдану), сақтау

Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің 2023 жылғы 27 маусымдағы № 249 бұйрығымен бекітілген «Өсімдіктерді қорғау құралдарының (пестицидтердің) қауіпсіздігі туралы» техникалық регламенті (Нормативтік құқықтық актілердің мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 32940 болып тіркелген)

      ».

2. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

 

Қазақстан Республикасының

Премьер-Министрі                                                                Ә. Смайылов

Қазақстанның Премьер-Министрі мен Үкіметі жаңалықтарынан хабардар болыңыз — ресми Telegram-каналға жазылыңыз

Жазылу