Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2026 жылғы 19 қазандағы №931 қаулысы

Мемлекеттік атаулы әлеуметтік көмектің мөлшерін, көрсету шарттарын және оны көрсетуге қажеттілік жоқ екені туралы қорытынды шығару өлшемшарттарын айқындау туралы


Қазақстан Республикасының Әлеуметтік кодексі 120-бабының 6-тармағына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Осы қаулыға қосымшаға сәйкес мемлекеттік атаулы әлеуметтік көмектің мөлшерін, көрсету шарттарын және оны көрсетуге қажеттілік жоқ екені туралы қорытынды шығару өлшемшарттары айқындалсын.
2. Осы қаулы 2027 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізіледі және ресми жариялануға тиіс.


 

Қазақстан Республикасының 
Премьер-Министрі                                                              О. Бектенов

 

қосымша
 

Қазақстанның Премьер-министрі мен Үкіметі жаңалықтарынан хабардар болыңыз — ресми Telegram-каналға жазылыңыз

Жазылу