24 Маусым 2026, 09:38
«Қазақстан Республикасының азаматтарын әскери қызметке шақыруды ұйымдастыру мен жүргізу қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2012 жылғы 15 мамырдағы № 620 қаулысына өзгерістер енгізу туралы
Қазақстан Республикасының Үкiметi ҚАУЛЫ ЕТЕДI:
1. «Қазақстан Республикасының азаматтарын әскери қызметке шақыруды ұйымдастыру мен жүргізу қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2012 жылғы 15 мамырдағы № 620 қаулысына мынадай өзгерістер енгізілсін:
көрсетілген қаулымен бекітілген Қазақстан Республикасының азаматтарын әскери қызметке шақыруды ұйымдастыру мен жүргізу қағидаларында:
3-тармақтың 5) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
«5) Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрлігінің цифрлық жүйесі (бұдан әрі – ҚР ҚМ ЦЖ) – жұмылдыру ресурстарын есепке алудың азаматтарды дербес әскери есепке алуға және цифрлық жүйелермен интеграциялық өзара іс-қимыл жасауға арналған автоматтандырылған жүйесі.»;
14-тармақта:
бірінші бөліктің 5) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
«5) Заңның 17-бабының 4-тармағында көрсетілген мәліметтер мемлекеттік органдардың мемлекеттік цифрлық жүйелерінің өзара іс-қимыл жасауын қамтамасыз ету арқылы сұратылады.»;
екінші бөлік мынадай редакцияда жазылсын:
«Мемлекеттік цифрлық жүйелер арасында өзара іс-қимыл болмаған жағдайда Заңның 17-бабының 4-тармағында көрсетілген мәліметтерді қорғаныс істері басқармалары (бөлімдері) тиісті сұрау салулар арқылы үш жұмыс күні ішінде алады.»;
15-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«15. Әскерге шақырылушыларды iрiктеу мен зерделеуді Қарулы Күштер, басқа да әскерлер мен әскери құралымдар, арнаулы мемлекеттік органдар өкiлдерiнің қатысуымен бірлесіп жүргізуге жол берiледi.
Қазақстан Республикасының Мемлекеттік күзет қызметін (бұдан әрі – МКҚ) және Ұлттық қауіпсіздік комитетінің Шекара қызметін (бұдан әрі – ҰҚК ШҚ) жасақтау үшін әскерге шақырылушыларды іріктеу мен зерделеу басым тәртіппен жүзеге асырылады.
Бұл ретте Қазақстан Республикасының Ұлттық ұланын жасақтау үшін әскерге шақырылушыларды іріктеу және зерделеу МКҚ мен ҰҚК ШҚ жасақтаудан кейін жүзеге асырылады.
Іріктеп алынған әскерге шақырылушылардың тізімдерін жасақталатын жергілікті әскери басқару органдарына өкілдер тиісті әскери бөлімдерді (мекемелерді) жасақтау басталғанға дейін 15 күннен кешіктірмей жібереді.»;
21-тармақтың екінші және үшінші бөліктері мынадай редакцияда жазылсын:
«Аудандық (облыстық маңызы бар қалалардың) әскерге шақыру комиссиясы медициналық куәландыру нәтижелері бойынша қабылдайтын шешімдерден осы Қағидаларға 5-қосымшаға сәйкес нысан бойынша отырыс хаттамалары ҚР ҚМ ЦЖ-да электрондық түрде жасалады. Отырыс хаттамасына бір күн бойы қаралған барлық әскерге шақырылушы енгiзiледi, ол комиссия төрағасының, мүшелерiнiң және хатшысының электрондық цифрлық қолтаңбаларымен куәландырылады.
ҚР ҚМ ЦЖ болмаған не техникалық істен шыққан жағдайларда отырыс хаттамалары осы Қағидаларға 6-қосымшаға сәйкес нысан бойынша аудандық (облыстық маңызы бар қалалар) әскерге шақыру комиссиясының хаттамалары кітабында ресімделеді.»;
34-тармақтың үшінші және төртінші бөліктері мынадай редакцияда жазылсын:
«Облыстық (республикалық маңызы бар қаланың немесе астананың) әскерге шақыру комиссиясы бақылау мақсатында медициналық қарап-тексеру нәтижелері бойынша қабылдайтын шешімдерден осы Қағидаларға
7-қосымшаға сәйкес нысан бойынша отырыс хаттамалары ҚР ҚМ ЦЖ-да электрондық түрде жасалады. Отырыс хаттамасына бір күн бойы қаралған әскерге шақырылушылар енгізіледі, ол комиссия төрағасының, мүшелерінің және хатшысының электрондық цифрлық қолтаңбаларымен куәландырылады.
ҚР ҚМ ЦЖ болмаған не техникалық істен шыққан жағдайларда отырыс хаттамасы осы Қағидаларға 8-қосымшаға сәйкес нысан бойынша облыстық (республикалық маңызы бар қала немесе астана) әскерге шақыру комиссиясының хаттамалары кітабында ресімделеді.»;
36-тармақтың бірінші абзацы мынадай редакцияда жазылсын:
«36. Аудандық (облыстық маңызы бар қала) әскерге шақыру комиссиясының және облыстық (республикалық маңызы бар қала немесе астана) әскерге шақыру комиссиясының шешімдеріне сәйкес мерзімді әскери қызметке шақыруға жатады деп танылған азаматтарды жиын пунктіне жеткізуге дайындау кезінде қорғаныс істері басқармаларында (бөлімдерінде) ҚР ҚМ ЦЖ-дан олардың есепке алу карталары басып шығарылады және ол мынадай материалдармен:»;
39-тармақта:
бірінші бөлік мынадай редакцияда жазылсын:
«39. Зерделеудің екінші кезеңі шеңберінде атаулы тізімдерге сәйкес жиын пунктіне келген азаматтарды психологиялық зерделеуге жіберер алдында есепке алу картасы материалының мазмұны ҚР ҚМ ЦЖ-дағы жаңартылған мәліметтермен салыстырып тексеріледі, салыстырып тексерілген әрбір құжатқа салыстырып тексеруші салыстыру уақыты мен күнін көрсетіп, қолын қояды.»;
екінші бөліктің 2) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
«2) мерзімді әскери қызметке шақыруды кейінге қалдыру не одан босату үшін негіз болмайтын мәлімет анықталғанда көрсетілген мәліметтер ҚР ҚМ ЦЖ-дан басып шығарылып, есепке алу картасына қоса тіркеледі.»;
44-тармақтың бірінші және екінші бөліктері мынадай редакцияда жазылсын:
«44. Әскери команданы қалыптастыру аяқталғаннан кейін әскери командаға қабылданған әскерге шақырылушыларға қатысты ҚР ҚМ ЦЖ-ны қолданып, мерзімді әскери қызметке шақыру және әскери атақ беру туралы қорғаныс істері департаменті бастығының бұйрығы (бұдан әрі – шақыру туралы бұйрық) шығарылады.
Шақыру туралы бұйрықты жасау кезінде техникалық істен шығу (ақау) орын алған жағдайда бұйрықты қағаз жеткізгіште шығаруға, кейіннен бұйрықты бұрын айқындалған деректемелермен ҚР ҚМ ЦЖ-да қайта шығаруға жол беріледі.»;
49-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«49. Мәліметтерді ҚР ҚМ ЦЖ-ға енгізу мақсатында мерзімді әскери қызметке шақырылатын азаматтар жиын пунктінде жөнелту алдында осы Қағидаларға 13-қосымшаға сәйкес нысан бойынша дербес деректерді жинауға, өңдеуге және беруге келісімге қол қояды, ол ҚР ҚМ ЦЖ-да цифрлық есепке алу картасына қоса тіркеледі.»;
51-тармақта:
үшінші бөліктің 5) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
«5) Заңның 17-бабының 4-тармағында көрсетілген мәліметтер мемлекеттік органдардың мемлекеттік цифрлық жүйелерінің өзара іс-қимыл жасауын қамтамасыз ету арқылы сұратылады.»;
төртінші бөлік мынадай редакцияда жазылсын:
«Мемлекеттік цифрлық жүйелер арасында өзара іс-қимыл болмаған жағдайда Заңның 17-бабының 4-тармағында көрсетілген мәліметтерді қорғаныс істері басқармалары (бөлімдері) үш жұмыс күні ішінде тиісті сұрау салулар бойынша алады.»;
бесінші бөлікте:
1) тармақшаның екінші абзацы мынадай редакцияда жазылсын:
«Медициналық куәландыру нәтижелері (жарамдылық дәрежесі) ҚР ҚМ ЦЖ-ның цифрлық есепке алу картасына енгізіледі;»;
2) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:
«2) ҚР ҚМ ЦЖ-да цифрлық есепке алу картасы жаңартылады;»;
52-тармақтың төртінші бөлігі мынадай редакцияда жазылсын:
«Жарамдылық дәрежесі туралы қорытындысы бар медициналық куәландыру картасының сканерленген көшірмесі цифрлық есепке алу картасының «Құжаттар» деген бөліміне жүктеледі, сондай-ақ ҚР ҚМ ЦЖ-дағы «Жарамдылық дәрежесі» деген жолға тиісті өзгерістер енгізіледі.»;
53-тармақтың үшінші бөлігі мынадай редакцияда жазылсын:
«Жарамдылық дәрежесі туралы қорытындысы бар медициналық куәландырудың сканерленген көшірмесі цифрлық есепке алу картасының «Құжаттар» деген бөліміне жүктеледі, сондай-ақ ҚР ҚМ ЦЖ-дағы «Жарамдылық дәрежесі» деген жолға тиісті өзгерістер енгізіледі.»;
77-тармақта:
екінші бөліктің 2) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
«2) ҚР ҚМ ЦЖ арқылы цифрлық есепке алу картасындағы мәліметтер жаңартылады.»;
үшінші бөлік мынадай редакцияда жазылсын:
«ҚР ҚМ ЦЖ-да жоқ қосымша мәліметтерді алу қажет болғанда мемлекеттік органдар мен ұйымдарға тиісті сұрау салулар жіберіледі.»;
85-тармақтың бірінші және екінші бөліктері мынадай редакцияда жазылсын:
«85. Облыс (республикалық маңызы бар қала, астана) аумағында әскери жиындар өткізу кезінде әскери команданы қалыптастыру аяқталғаннан кейін әскери командаға қабылданған әскери міндеттілерге қатысты әскери жиындарға шақыру туралы қорғаныс істері басқармасы (бөлімі) бастығының бұйрығы ҚР ҚМ ЦЖ қолданылып шығарылады.
Шақыру туралы бұйрықты жасау кезінде техникалық істен шығу (ақау) орын алған жағдайда бұйрықты қағаз жеткізгіште шығаруға, кейіннен бұйрықты бұрын анықталған деректемелермен ҚР ҚМ ЦЖ-да қайта шығаруға жол беріледі.»;
89-тармақтың бірінші және екінші бөліктері мынадай редакцияда жазылсын:
«89. Әскери жиындар облыс (республикалық маңызы бар қала, астана) аумағынан тыс жерде өткізілгенде жиын пунктінде әскери команданы қалыптастыру аяқталғаннан кейін әскери командаға қабылданған әскери міндеттілерге қатысты қорғаныс істері департаменті бастығының әскери жиындарға шақыру туралы бұйрығы ҚР ҚМ ЦЖ қолданылып шығарылады.
Шақыру туралы бұйрықты жасау кезінде техникалық істен шығу (ақау) орын алған жағдайда бұйрықты қағаз жеткізгіште шығаруға, кейіннен бұйрықты бұрын анықталған деректемелермен ҚР ҚМ ЦЖ-да қайта шығаруға жол беріледі.»;
100-тармақтың 1) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
«1) ҚР ҚМ ЦЖ-да әскери жиындардан өткен әскери міндеттілердің есепке алу карталарына әскери-есептік мамандықтар мен лауазымдардың өзекті кодтарын енгізеді;»;
көрсетілген Қағидаларға 3-қосымша осы қаулыға 1-қосымшаға сәйкес жаңа редакцияда жазылсын;
көрсетілген Қағидаларға 5-қосымша осы қаулыға 2-қосымшаға сәйкес жаңа редакцияда жазылсын;
көрсетілген Қағидаларға 7-қосымша осы қаулыға 3-қосымшаға сәйкес жаңа редакцияда жазылсын.
2. Осы қаулы 2026 жылғы 12 шілдеден бастап қолданысқа енгізілетін осы қаулының 1-тармағының үшінші, төртінші, бесінші, алтыншы, жетінші, сегізінші, тоғызыншы, он бесінші, он алтыншы, он жетінші, он сегізінші, он тоғызыншы, жиырмасыншы, жиырма бірінші, жиырма екінші, жиырма үшінші, жиырма төртінші, жиырма бесінші, жиырма алтыншы, жиырма жетінші, жиырма сегізінші, жиырма тоғызыншы, отызыншы, отыз бірінші, отыз екінші, отыз үшінші, отыз төртінші, отыз бесінші, отыз алтыншы, отыз жетінші, отыз сегізінші, отыз тоғызыншы, қырқыншы, қырық бірінші, қырық екінші, қырық үшiншi, қырық төртiншi, қырық бесiншi, қырық алтыншы, қырық жетiншi, қырық сегiзiншi, қырық тоғызыншы, елуiншi, елу бiрiншi, елу екiншi, елу үшiншi, елу төртiншi, елу бесiншi, елу алтыншы, елу жетiншi, елу сегізінші, елу тоғызыншы, алпысыншы, алпыс бірінші және алпыс екінші абзацтарын қоспағанда, алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасының
Премьер-Министрі О. Бектенов
Қазақстанның Премьер-министрі мен Үкіметі жаңалықтарынан хабардар болыңыз — ресми Telegram-каналға жазылыңыз
Жазылу