25 Маусым 2026, 09:00
«Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрлігінің мәселелері» туралы Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2020 жылғы 23 қазандағы
№ 701 қаулысына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы
Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. «Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрлігінің мәселелері» туралы Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2020 жылғы 23 қазандағы № 701 қаулысына мынадай өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін:
көрсетілген қаулымен бекітілген Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрлігі туралы ережеде:
13-тармақтың екінші бөлігі мынадай редакцияда жазылсын:
«Егер Министрлікке заңдармен кірістер әкелетін қызметті жүзеге асыру құқығы берілсе, онда алынған кірістер, егер Қазақстан Республикасының заңнамасында өзгеше белгіленбесе, мемлекеттік бюджетке жіберіледі.»;
16-тармақта:
мынадай мазмұндағы 59-6) тармақшамен толықтырылсын:
«59-6) табиғи сипаттағы төтенше жағдайлар салдарынан зардап шеккендерге келтірілген зиянды (нұқсанды) өтеу қағидаларын әзірлейді және бекітеді;»;
153) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:
«153) Министрліктің арнайы оқу орнының цифрлық жүйелері мен интернет-ресурстарына қойылатын талаптарды әзірлейді және бекітеді;»;
175-14) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:
«175-14) астананың, облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың жергілікті атқарушы органдарымен келісу бойынша жыл сайынғы негізде кәсіптердің ағымдағы және болашақ кезеңдердегі өзектілігін ескере отырып, кәсіптік біліктілікті тану саласындағы уәкілетті орган айқындаған тәртіппен еңбек нарығының кәсіптік біліктілікті танудағы қажеттілігін қалыптастырады;»;
187) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:
«187) азаматтық қорғау мемлекеттік жүйесінің корпоративтік цифрлық жүйесінің, ахуалдық-дағдарыс орталықтарының жұмыс істеуін қамтамасыз етеді;»;
188) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:
«188) азаматтық қорғау органдарында киберқауіпсіздікті қамтамасыз етеді;»;
мынадай мазмұндағы 235-3) тармақшамен толықтырылсын:
«235-3) жұмылдыру резерві бөлігінде мемлекеттік материалдық резервтің материалдық құндылықтарының номенклатурасы мен оларды сақтау көлемдерін қалыптастыру үшін азаматтық қорғау саласында жұмылдыру тапсырысын орындау үшін қажетті тауарлардың тізбесін айқындау және көлемдерін есептеу әдістемесіне сәйкес жұмылдыру тапсырысы бар ұйымдардың қажеттіліктеріне талдау жүргізеді;»;
мынадай мазмұндағы 288-1) және 288-2) тармақшалармен толықтырылсын:
«288-1) тиісті саладағы реттеуді немесе басшылықты жүзеге асыратын уәкілетті органмен келісу бойынша азаматтық қорғау саласындағы уәкілетті орган бекіткен әлеуметтік жауапкершілігі бар қызметтер көрсету қағидаларына сәйкес әлеуметтік жауапкершілігі бар қызметтер көрсетеді;
288-2) азаматтық қорғау салаласындағы әлеуметтік жауапкершілігі бар қызметтер көрсетудің үлгілік қағидаларын әзірлейді және бекітеді»;
21-тармақтың 3) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
«3) Қазақстан Республикасының Құрылтайында, өзге де мемлекеттік органдар мен ұйымдарда Министрлік атынан өкілдік етеді;».
2. Осы қаулы:
1) 2026 жылғы 1 шілдеден бастап қолданысқа енгізілетін осы қаулының
1-тармағының үшінші, төртінші, оныншы, он бірінші, жиырма бірінші және жиырма екінші абзацтарын;
2) 2026 жылғы 11 шілдеден бастап қолданысқа енгізілетін осы қаулының 1-тармағының сегізінші, тоғызыншы, он екінші, он үшінші, он төртінші және
он бесінші абзацтарын;
3) 2027 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілетін осы қаулының 1-тармағының он алтыншы және он жетінші абзацтарын қоспағанда, қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі және ресми жариялануға тиіс.
Қазақстан Республикасының
Премьер-Министрі О. Бектенов
Қазақстанның Премьер-министрі мен Үкіметі жаңалықтарынан хабардар болыңыз — ресми Telegram-каналға жазылыңыз
Жазылу