Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2026 жылғы 22 қыркүйектегі №830 қаулысы

Цифрлық деректерді басқару жөніндегі талаптарды бекіту туралы

Қазақстан Республикасының Цифрлық кодексі 16-бабының 3-тармағына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ: 
1. Қоса беріліп отырған цифрлық деректерді басқару жөніндегі талаптар бекітілсін.
2. Мыналардың күші жойылды деп танылсын: 
1) «Деректерді басқару жөніндегі талаптарды бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2024 жылғы 7 қарашадағы № 925 қаулысы;
2) «Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне және Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің кейбір өкімдеріне өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 
2026 жылғы 14 шілдедегі № 615 қаулысымен бекітілген Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне және Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің кейбір өкімдеріне енгізілетін өзгерістер мен толықтыруларының 75-тармағы.
3. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.


Қазақстан Республикасының
Премьер-Министрі                                                             О. Бектенов


қосымша-1

қосымша-2

Қазақстанның Премьер-министрі мен Үкіметі жаңалықтарынан хабардар болыңыз — ресми Telegram-каналға жазылыңыз

Жазылу