28 Қазан 2022, 09:00
«Ішкі көшіп-қонушыларды тіркеу қағидаларын бекіту және Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне өзгерістер енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2011 жылғы 1 желтоқсандағы №1427 қаулысына толықтыру енгізу туралы
Қазақстан Республикасы Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. «Ішкі көшіп-қонушыларды тіркеу қағидаларын бекіту және Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне өзгерістер енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2011 жылғы 1 желтоқсандағы № 1427 қаулысына мынадай толықтыру енгізілсін:
көрсетілген қаулымен бекітілген Ішкі көшіп-қонушыларды тіркеу қағидаларында:
17-тармақ мынадай мазмұндағы екінші бөлікпен толықтырылсын:
«Сайлау құқығын іске асыру және азаматты «Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» Қазақстан Республикасының Конституциялық заңына сәйкес сайлаушылар тізіміне енгізу мақсатында тұрғын үй, ғимарат немесе үй-жай иесінің өтініші негізінде тұрғылықты жері бойынша тіркеуден шығарылған адамдарды сайлау күні сайлау учаскесінің мекенжайындағы ғимаратта немесе үй-жайда тіркеуге жол беріледі.».
2. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi.
Қазақстан Республикасының
Премьер-Министрі Ә. Смайылов
Қазақстанның Премьер-Министрі мен Үкіметі жаңалықтарынан хабардар болыңыз — ресми Telegram-каналға жазылыңыз
Жазылу