Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2023 жылғы 22 желтоқсандағы №1164 қаулысы

«Басымдығы бар халықаралық авиамаршруттар үшін авиациялық отынды субсидиялау қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2019 жылғы 10 қыркүйектегі №675 қаулысына өзгерістер енгізу туралы

 

Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

1. «Басымдығы бар халықаралық авиамаршруттар үшін авиациялық отынды субсидиялау қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2019 жылғы 10 қыркүйектегі №675 қаулысына мынадай өзгерістер енгізілсін:

кіріспе мынадай редакцияда жазылсын:

«Қазақстан Республикасының әуе кеңістігін пайдалану және авиация қызметі туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 13-бабының 60-3) тармақшасына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:»;

көрсетілген қаулымен бекітілген Басымдығы бар халықаралық авиамаршруттар үшін авиациялық отынды субсидиялау қағидаларында:

1-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

«1. Осы Басымдығы бар халықаралық авиамаршруттар үшін авиациялық отынды субсидиялау қағидалары (бұдан әрі – Қағидалар) «Қазақстан Республикасының әуе кеңістігін пайдалану және авиация қызметі туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 13-бабының 60-3) тармақшасына сәйкес әзірленді және басымдығы бар халықаралық авиамаршруттар үшін авиациялық отынды (бұдан әрі – авиаотын) субсидиялау тәртібін айқындайды.»;

11-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

«11. Авиамаршрутты пайдалану процесінде шарт талаптарын орындамаған, сондай-ақ Қазақстан Республикасы Көлік министрінің міндетін атқарушының 2023 жылғы 24 қарашадағы №95 бұйрығымен бекітілген Жолаушыларды, багажды, жүктер мен пошта жөнелтiлiмдерiн тасымалдау бойынша қызметтер көрсету үшiн субсидияланатын авиамаршруттарға арналған конкурс өткізу және субсидияланатын авиамаршруттарға куәліктер беру қағидаларына сәйкес авиамаршрутқа арналған куәлігі кері қайтарып алынған жағдайда авиакомпанияларға субсидиялар төлеу жүргізілмейді.».

2. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

 

Қазақстан Республикасының

Премьер-Министрі                                                                                         Ә. Смайылов

Қазақстанның Премьер-Министрі мен Үкіметі жаңалықтарынан хабардар болыңыз — ресми Telegram-каналға жазылыңыз

Жазылу