26 Қыркүйек 2025, 10:22
Қазақстан Республикасы Үкіметінің «Міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру жүйесіндегі медициналық көмектің тізбесін бекіту туралы» 2019 жылғы 20 маусымдағы № 421 және «Тегін медициналық көмектің кепілдік берілген көлемінің тізбесін бекіту және Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдерінің күші жойылды деп тану туралы» 2020 жылғы 16 қазандағы № 672 қаулыларына өзгерістер мен толықтыру енгізу туралы
Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне мынадай өзгерістер мен толықтыру енгізілсін:
1) «Міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру жүйесіндегі медициналық көмектің тізбесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2019 жылғы 20 маусымдағы № 421 қаулысында:
кіріспе мынадай редакцияда жазылсын:
«Міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру туралы» Қазақстан Республикасының Заңы 10-бабының 1) тармақшасына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:»;
көрсетілген қаулымен бекітілген міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру жүйесіндегі медициналық көмектің тізбесінде:
1-тармақтың 1) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
«1) тегін медициналық көмектің кепілдік берілген көлемі шеңберінде профилактикалық қарап-тексерулер мен скринингтік зерттеулерді қоспағанда, уәкілетті орган айқындаған тәртіппен және кезеңділікпен профилактикалық медициналық қарап-тексерулер;»;
2) «Тегін медициналық көмектің кепілдік берілген көлемінің тізбесін бекіту және Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдерінің күші жойылды деп тану туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2020 жылғы 16 қазандағы № 672 қаулысында:
кіріспе мынадай редакцияда жазылсын:
«Халық денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесі туралы» Қазақстан Республикасының Кодексі 196-бабының 1-тармағына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:»;
көрсетілген қаулымен бекітілген тегін медициналық көмектің кепілдік берілген көлемінің тізбесінде:
4-тармақ мынадай мазмұндағы 5) тармақшамен толықтырылсын:
«5) онкологиялық ауруларды ерте анықтауға арналған скринингтік зерттеулер.».
2. Осы қаулы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі және 2025 жылғы 7 мамырдан бастап туындаған қатынастарға қолданылады.
Қазақстан Республикасының
Премьер-Министрі О. Бектенов
Қазақстанның Премьер-министрі мен Үкіметі жаңалықтарынан хабардар болыңыз — ресми Telegram-каналға жазылыңыз
Жазылу