01 Қараша 2023, 12:27
«Қазақстан Республикасының әуежайларындағы арнайы бөлінген залдарда қызмет көрсетілетін адамдардың тізбесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2011 жылғы 3 маусымдағы №625 қаулысына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы
Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. «Қазақстан Республикасының әуежайларындағы арнайы бөлінген залдарда қызмет көрсетілетін адамдардың тізбесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2011 жылғы 3 маусымдағы №625 қаулысына мынадай өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін:
көрсетілген қаулымен бекітілген Қазақстан Республикасының әуежайларындағы арнайы бөлінген залдарда қызмет көрсетілетін адамдардың тізбесінде:
мынадай мазмұндағы 33-1-тармақпен толықтырылсын:
«33-1. Қазақстан Республикасы Сот әкімшілігінің басшысы»;
39 және 40-тармақтар мынадай редакцияда жазылсын:
«39. Конституциялық Соттың судьялары, Жоғарғы Соттың сот алқаларының төрағалары мен судьялары
40. Парламент палаталары, Конституциялық Сот аппараттарының басшылары»;
мынадай мазмұндағы 41-2-тармақпен толықтырылсын:
«41-2. Қазақстан Республикасының Сот әкімшілігі басшысының орынбасарлары».
2. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасының
Премьер-Министрі Ә. Смайылов
Қазақстанның Премьер-Министрі мен Үкіметі жаңалықтарынан хабардар болыңыз — ресми Telegram-каналға жазылыңыз
Жазылу