29 Сәуір 2022, 12:49
«Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрлігінің мәселелері» туралы Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2020 жылғы 23 қазандағы №701 қаулысына өзгерістер енгізу туралы
Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. «Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрлігінің мәселелері» туралы Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2020 жылғы 23 қазандағы №701 қаулысына мынадай өзгерістер енгізілсін:
көрсетілген қаулымен бекiтiлген Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрлігі туралы ережеде:
15-1-тармақтың 2) тармақшасының оныншы абзацы мынадай редакцияда жазылсын:
«бақылау және қадағалау субъектілерін (объектілерін) тексеру санының, сондай-ақ тексеру парақтарына сәйкес анықталған бұзушылықтарды және оларға қолданылған әкімшілік ықпал ету шараларының ведомстволық есебін жүргізу.»;
16-тармақта:
219) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:
«219) Қазақстан Республикасының Кәсіпкерлік кодексіне сәйкес тексеру парақтарын, тәуекел дәрежесін бағалау өлшемшарттарын, тексерулер жүргізудің кестелерін, сондай-ақ бақылау және қадағалау субъектісіне (объектісіне) барып профилактикалық бақылау және қадағалау жүргізудің жартыжылдық тізімдерін әзірлейді және бекітеді;»;
227) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:
«227) Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес өнеркәсіптік қауіпсіздік саласында мемлекеттік бақылауды және қадағалауды ұйымдастыруды жүзеге асырады;»;
236) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:
«236) өнеркәсіптік қауіпсіздік саласындағы мемлекеттік бақылау және қадағалау тиімділігінің мониторингін жүзеге асырады;»;
246) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:
«246) мемлекеттік органдарда, ұйымдарда, кәсіпорындарда өрт қауіпсіздігі мәселелері жөніндегі нормативтік құқықтық актілердің орындалуын бақылауды және қадағалауды жүзеге асырады;»;
266), 267), 268), 269), 270) және 271) тармақшалар мынадай редакцияда жазылсын:
«266) қауіпті өндірістік объектілер мен қауіпті техникалық құрылғыларды пайдаланатын ұйымдардың өнеркәсіптік қауіпсіздік талаптарын сақтауына мемлекеттік бақылауды және қадағалауды жүзеге асырады;
267) қауіпті техникалық құрылғыларды пайдаланатын қауіпті өндірістік объектілер мен ұйымдардың авариялар мен олардың салдарларын жою және оқшаулау жөніндегі жұмыстарды жүргізуге дайындығына мемлекеттік бақылауды және қадағалауды жүзеге асырады;
268) қауіпті өндірістік объектілердің өндірістік ғимараттарын, технологиялық құрылыстары мен техникалық құрылғыларын, қауіпті техникалық құрылғыларды техникалық куәландырудың уақтылы жүргізілуіне мемлекеттік бақылауды және қадағалауды жүзеге асырады;
269) қауіпті өндірістік объектілерде тау-кен құтқару, газдан құтқару, атқыламаға қарсы жұмыстарды орындауға өнеркәсіптік қауіпсіздік саласындағы кәсіби авариялық-құтқару қызметтерінің әзірлігіне өнеркәсіптік қауіпсіздік саласындағы мемлекеттік бақылауды және қадағалауды жүзеге асырады;
270) өнеркәсіптік қауіпсіздік саласындағы жұмыстарды жүргізу құқығына аттестатталған заңды тұлғаларға өнеркәсіптік қауіпсіздік саласындағы мемлекеттік бақылауды және қадағалауды жүзеге асырады;
271) магистральдық құбырды пайдалану кезінде өнеркәсіптік қауіпсіздік саласында мемлекеттік бақылауды және қадағалауды жүзеге асырады;»;
296) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:
«296) өрт қауіпсіздігі саласындағы мемлекеттік бақылауды және қадағалауды жүзеге асырады;».
2. Осы қаулы 2023 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізіледі және ресми жариялануға тиіс.
Қазақстан Республикасының
Премьер-Министрі Ә. Смайылов
Қазақстанның Премьер-Министрі мен Үкіметі жаңалықтарынан хабардар болыңыз — ресми Telegram-каналға жазылыңыз
Жазылу