Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2024 жылғы 24 сәуірдегі №331 қаулысы

Қазақстандық кемелердің аумақтық суларда (теңізде), ішкі суларда және континенттік қайраңда кәсіпшілік қызметті жүргізу үшін Қазақстан Республикасының Мемлекеттік шекарасын бірнеше рет кесіп өтуіне рұқсаттар беру қағидаларын, рұқсаттар қолданылуының кеңістіктегі және уақыттық шектерін, сондай-ақ аталған кемелерге бақылауды жүзеге асыру қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2014 жылғы 11 наурыздағы № 209 қаулысына өзгерістер енгізу туралы

Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

1. «Қазақстандық кемелердің аумақтық суларда (теңізде), ішкі суларда және континенттік қайраңда кәсіпшілік қызметті жүргізу үшін Қазақстан Республикасының Мемлекеттік шекарасын бірнеше рет кесіп өтуіне рұқсаттар беру қағидаларын, рұқсаттар қолданылуының кеңістіктегі және уақыттық шектерін, сондай-ақ аталған кемелерге бақылауды жүзеге асыру қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2014 жылғы 11 наурыздағы № 209 қаулысына мынадай өзгерістер енгізілсін:

тақырыптың орыс тіліндегі мәтініне өзгеріс енгізіледі, қазақ тіліндегі мәтін өзгермейді;

кіріспе мынадай редакцияда жазылсын:

«Қазақстан Республикасының Мемлекеттік шекарасы туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 55-бабы 12) тармақшасына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:»;

көрсетілген қаулымен бекітілген Қазақстандық кемелердің аумақтық суларда (теңізде), ішкі суларда және континенттік қайраңда кәсіпшілік қызметті жүргізу үшін Қазақстан Республикасының Мемлекеттік шекарасын бірнеше рет кесіп өтуіне рұқсаттар беру қағидаларында, рұқсаттар қолданылуының кеңістіктегі және уақыттық шектерінде:

3-тармақтың 5) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:

«5) шетелдік жұмыс күшін және азаматтығы жоқ адамдарды тартуға рұқсаттардың көшірмелерін;»;

10-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

«10. Шетелдіктер мен азаматтығы жоқ адамдардан жасақталған қазақстандық кеменің экипаж мүшелерін ауыстыру қажет болған жағдайда бастамашы портал арқылы Шекара қызметіне Қағидаларға 5-қосымшаға сәйкес нысан бойынша ауыстыру себебін көрсетіп, ауыстыру туралы өтініш береді.

Ауыстыру туралы өтінішке мынадай құжаттар:

1) жаңа кеменің рөлі;

2) шетелдік жұмыс күшін және азаматтығы жоқ адамдарды тартуға рұқсаттардың көшірмелері;

3) келудің және болудың визасыз тәртібі туралы Қазақстан Республикасымен халықаралық келісімдер жасасқан мемлекеттерден келген азаматтарды қоспағанда, шетелдіктер және азаматтығы жоқ адамдар үшін визаның көшірмесі қоса беріледі.»;

көрсетілген Қағидаларға 1, 2, 3, 4, 5 және 6-қосымшалар осы қаулыға 1, 2, 3, 4, 5 және 6-қосымшаларға сәйкес жаңа редакцияда жазылсын;

көрсетілген қаулымен бекітілген Қазақстан Республикасының аумақтық суларында (теңізінде), ішкі суларында және континенттік қайраңында кәсіпшілік қызметті жүргізетін қазақстандық кемелерге бақылауды жүзеге асыру қағидаларында:

көрсетілген Қағидаларға 1 және 2-қосымшалар осы қаулыға 7 және 8-қосымшаларға сәйкес жаңа редакцияда жазылсын.

2. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

 

 

Қазақстан Республикасының    

 Премьер-Министрі                                                 О. Бектенов

 

Қосымша

Қазақстанның Премьер-министрі мен Үкіметі жаңалықтарынан хабардар болыңыз — ресми Telegram-каналға жазылыңыз

Жазылу