Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2022 жылғы 24 тамыздағы №597 Қаулысы

Азаматтарға әскери-патриоттық тәрбие беру қағидаларын бекіту туралы

 

«Әскери қызмет және әскери қызметшілердің мәртебесі туралы» Қазақстан Республикасының Заңы 9-бабының 5-тармағына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

1. Қоса беріліп отырған Азаматтарға әскери-патриоттық тәрбие беру қағидалары бекітілсін.

2. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

 

Қазақстан Республикасының 

Премьер-Министрі                                                            Ә. Смайылов

Ережелер

 

Қазақстанның Премьер-министрі мен Үкіметі жаңалықтарынан хабардар болыңыз — ресми Telegram-каналға жазылыңыз

Жазылу