27 Тамыз 2022, 20:27
«Жеке кәсіпкерлікті мемлекеттік қолдаудың кейбір шаралары туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2019 жылғы 31 желтоқсандағы №1060 қаулысына өзгерістер енгізу туралы
Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. «Жеке кәсіпкерлікті мемлекеттік қолдаудың кейбір шаралары туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2019 жылғы 31 желтоқсандағы № 1060 қаулысына мынадай өзгерістер енгізілсін:
көрсетілген қаулымен бекітілген 2021 – 2025 жылдарға арналған кәсіпкерлікті дамыту жөніндегі ұлттық жоба шеңберінде жаңа бизнес-идеяларды іске асыруға мемлекеттік гранттар беру қағидаларында:
11-тармақтың екінші бөлігінің 1) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
«1) берілетін мемлекеттік грант көлемінің кемінде 10 %-ы мөлшерінде оны іске асыруға арналған шығыстарды кәсіпкердің, оның ішінде бизнес-жобаға қатысатын жылжымалы немесе жылжымайтын мүлікпен (талап халықтың әлеуметтік осал топтары, оның ішінде үшінші топтағы мүгедектігі бар адамдар үшін міндетті болып табылмайды) қоса қаржыландыруы (ақша қаражатымен);»;
15-тармақтың 4) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
«4) мемлекеттік грант алуға өтінім берген кезде берілетін мемлекеттік грант көлемінің кемінде 10 %-ы мөлшерінде бизнес-жобаны іске асыруға арналған шығыстарды қоса қаржыландыруын (ақша қаражатымен, бизнес-жобаға қатысатын жылжымалы/жылжымайтын мүлікпен) растамаған (халықтың әлеуметтік осал топтарын, оның ішінде үшінші топтағы мүгедектігі бар адамдарды қоспағанда);»;
21-тармақтың 5), 6) және 7) тармақтары мынадай редакцияда жазылсын:
«5) субсидиялаудың ақпараттық жүйесі мен «Зейнетақы мен жәрдемақы төлеудің орталықтандырылған деректер базасы» автоматтандырылған ақпараттық жүйесінің ақпараттық өзара іс-қимылы нәтижесінде алынған өтініш берушінің халықтың әлеуметтік осал топтарына, оның ішінде үшінші топтағы мүгедектікке жататындығы туралы мәліметтерді растау (қажет болса);
6) бизнес-жобаға қатысатын жылжымайтын мүлікпен қоса қаржыландыруды растау мақсатында – кәсіпкерде субсидиялаудың ақпараттық жүйесінің мемлекеттік жер кадастрының автоматтандырылған ақпараттық жүйесімен және «Жылжымайтын мүлік тіркелімі» мемлекеттік деректер базасымен ақпараттық өзара іс-қимылы нәтижесінде расталған жер пайдалану және (немесе) жеке меншік құқығындағы жер учаскесінің (-лерінің) немесе өзге де жылжымайтын мүліктің болуы (халықтың әлеуметтік осал топтарын, оның ішіндегі үшінші топтағы мүгедектікті қоспағанда);
7) бизнес-жобаға қатысатын жылжымалы мүлікпен қоса қаржыландыруды растау мақсатында – кәсіпкерде субсидиялаудың ақпараттық жүйесінің ауыл шаруашылығы техникасының мемлекеттік тізілімімен және/немесе «Автомобиль» деректер базасымен ақпараттық өзара іс-қимылы арқылы расталған жылжымалы мүліктің болуы (халықтың әлеуметтік осал топтарын, оның ішінде үшінші топтағы мүгедектікті қоспағанда).»;
22-тармақтың 3) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
«3) берілетін мемлекеттік грант көлемінің кемінде 10 %-ы мөлшерінде
бизнес-жобаны іске асыруға арналған шығыстарды (бизнес-жобаға қатысатын ақша қаражатымен, жылжымалы/жылжымайтын мүлікпен) қоса қаржыландырудың болуын растайтын құжаттар, кәсіпкердің ағымдағы шотында ақша қаражатының болуы туралы банктік шоттан үзінді көшірме немесе бизнес-жобаға қатысатын жылжымалы және/немесе жылжымайтын мүліктің бағалау құнын растайтын құжаттар (халықтың әлеуметтік осал топтарын, оның ішінде үшінші топтағы мүгедектікті қоспағанда);»;
32-тармақтың 1) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
«1) бизнес-идеялардың жаңашылдығы (талап халықтың әлеуметтiк осал топтары, оның ішінде үшінші топтағы мүгедектігі бар адамдар үшін міндетті болып табылмайды;»;
Қағидаларға 3-қосымша осы қаулыға 1-қосымшаға сәйкес жаңа редакцияда жазылсын;
Қағидаларға 5-қосымша осы қаулыға 2-қосымшаға сәйкес жаңа редакцияда жазылсын;
Қағидаларға 6-қосымша осы қаулыға 3-қосымшаға сәйкес жаңа редакцияда жазылсын.
2. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасының
Премьер-Министрі Ә. Смайылов
Қазақстанның Премьер-министрі мен Үкіметі жаңалықтарынан хабардар болыңыз — ресми Telegram-каналға жазылыңыз
Жазылу