Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2026 жылғы 24 қыркүйектегі №839 қаулысы

«Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігінің мәселелері» туралы Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2005 жылғы 22 маусымдағы № 607 қаулысына толықтырулар енгізу туралы 


Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. «Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігінің мәселелері» туралы Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2005 жылғы 22 маусымдағы 
№ 607 қаулысына мынадай толықтырулар енгізілсін:
көрсетілген қаулымен бекітілген Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігі туралы ережеде:
15-тармақ:
мынадай мазмұндағы 8-1) тармақшамен толықтырылсын:
«8-1) Қазақстан Республикасының ішкі істер органдарының жедел-профилактикалық іс-шараларды өткізу тәртібін әзірлейді және бекітеді;»;
мынадай мазмұндағы 147-7) және 147-8) тармақшалармен толықтырылсын:
«147-7) Қазақстан Республикасының ішкі істер органдары әскери қызметшісінің кәсіби құзыреттерін, негізгі көрсеткіштерін айқындаудың және бәсекеге қабілеттілік көрсеткішін (цифрлық рейтингін) есептеу шығарудың қағидалары мен әдістерін бекітеді;
147-8) тағайындау кезінде əскери қызметшілер мен азаматтық персонал адамдарына (жұмыскерлерге) қатысты психологиялық-физиологиялық жəне полиграфологиялық зерттеулер қолданылып, тексеру жүргізілетін әскери лауазымдар тізбесін бекітеді;».
2. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

 

 


Қазақстан Республикасының
Премьер-Министрі                                                                О. Бектенов  

Қазақстанның Премьер-министрі мен Үкіметі жаңалықтарынан хабардар болыңыз — ресми Telegram-каналға жазылыңыз

Жазылу