Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2023 жылғы 24 қарашадағы №1031 қаулысы

Басқа мемлекеттің құзыретті органында тіркелген автокөлік құралдарының Қазақстан Республикасының аумағына кіруі (әкелінуі) және оларды Қазақстан Республикасының аумағында пайдалану қағидалары мен талаптарын бекіту туралы

 

 

«Автомобиль көлігі туралы» Қазақстан Республикасының Заңы 9-1-бабының 2-тармағына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

1. Қоса беріліп отырған Басқа мемлекеттің құзыретті органында тіркелген автокөлік құралдарының Қазақстан Республикасының аумағына кіруі (әкелінуі) және оларды Қазақстан Республикасының аумағында пайдалану қағидалары мен талаптары бекітілсін.

2. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

 

Қазақстан Республикасының

Премьер-Министрі                                                                                             Ә. Смайылов

 

 

Қосымша

Қазақстанның Премьер-Министрі мен Үкіметі жаңалықтарынан хабардар болыңыз — ресми Telegram-каналға жазылыңыз

Жазылу