01 Желтоқсан 2023, 10:12
«Республикалық азаматтық қорғау қызметтерінің тізбесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2014 жылғы 19 қарашадағы № 1210 қаулысына өзгерістер енгізу туралы
Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
кіріспе мынадай редакцияда жазылсын:
«Азаматтық қорғау туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 11-бабының 24) тармақшасына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:»;
көрсетілген қаулымен бекітілген республикалық азаматтық қорғау қызметтерінің тізбесінде:
реттік нөмірі 6-жол мынадай редакцияда жазылсын:
«
|
6 |
Химиялық қорғау қызметі |
Қазақстан Республикасының Өнеркәсіп және құрылыс министрлігі |
»;
реттік нөмірлері 9, 10 және 10-1-жолдар мынадай редакцияда жазылсын:
«
|
9 |
Көлік қызметі |
Қазақстан Республикасының Көлік министрлігі |
|
10 |
Жолдар мен көпірлер қызметі |
Қазақстан Республикасының Көлік министрлігі |
|
10-1 |
Инженерлік қызмет |
Қазақстан Республикасының Өнеркәсіп және құрылыс министрлігі |
»;
реттік нөмірі 14-жол мынадай редакцияда жазылсын:
«
|
14 |
Ұлттық гидрометеорологиялық қызмет |
Қазақстан Республикасының Экология жəне табиғи ресурстар министрлігі |
»;
реттік нөмірі 16-жол мынадай редакцияда жазылсын:
«
|
16 |
Ақпарат қызметі |
Қазақстан Республикасының Мәдениет және ақпарат министрлігі |
».
Қазақстан Республикасының
Премьер-Министрі Ә. Смайылов
Қазақстанның Премьер-министрі мен Үкіметі жаңалықтарынан хабардар болыңыз — ресми Telegram-каналға жазылыңыз
Жазылу