Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2023 жылғы 24 қарашадағы №1038 қаулысы

«Есiрткi құралдарын, психотроптық заттар мен прекурсорларды өндiру (дайындау) үшiн пайдаланылатын, бақылауға жататын жабдықтардың тiзбесiн бекiту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2003 жылғы 15 қыркүйектегі № 939 қаулысына өзгерістер енгізу туралы

 

 

Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

1. «Есiрткi құралдарын, психотроптық заттар мен прекурсорларды өндiру (дайындау) үшiн пайдаланылатын, бақылауға жататын жабдықтардың тiзбесiн бекiту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2003 жылғы 15 қыркүйектегі № 939 қаулысына мынадай өзгерістер енгізілсін:

тақырып мынадай редакцияда жазылсын:

«Арнайы бақылаудағы және есiрткi, психотроптық заттарды өндiру мен дайындау үшiн пайдаланылатын аспаптардың, жабдықтардың тiзбесiн белгiлеу туралы»;

кіріспе мынадай редакцияда жазылсын:

«Есірткі, психотроптық заттар, сол тектестер мен прекурсорлар және олардың заңсыз айналымы мен теріс пайдаланылуына қарсы іс-қимыл шаралары туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 7-бабының 4-тармағына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкiметi ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:»;

1 және 2-тармақтар мынадай редакцияда жазылсын:

«1. Қоса берiлiп отырған арнайы бақылаудағы және есiрткi, психотроптық заттарды өндiру мен дайындау үшiн пайдаланылатын аспаптардың, жабдықтардың тiзбесi белгіленсін.

2. Арнайы бақылаудағы және есiрткi, психотроптық заттарды өндiру мен дайындау үшiн пайдаланылатын аспаптардың, жабдықтардың айналымын бақылау есiрткi, психотроптық заттар, сол тектестер мен прекурсорлар айналымы саласындағы уәкiлеттi мемлекеттiк органға жүктелсiн.»;

көрсетілген қаулымен бекітілген есiрткi құралдарын, психотроптық заттар мен прекурсорларды өндiру (дайындау) үшiн пайдаланылатын, бақылауға жататын жабдықтардың тізбесі осы қаулыға қосымшаға сәйкес жаңа редакцияда жазылсын.

2. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

 

 

Қазақстан Республикасының

Премьер-Министрі                                                                                    Ә. Смайылов

 

Қосымша

Қазақстанның Премьер-Министрі мен Үкіметі жаңалықтарынан хабардар болыңыз — ресми Telegram-каналға жазылыңыз

Жазылу