01 Желтоқсан 2023, 11:02
Қазақстан Республикасы Үкіметінің «Азаматтық қызметшілерге, мемлекеттік бюджет қаражаты есебінен ұсталатын ұйымдардың қызметкерлеріне, қазыналық кәсіпорындардың қызметкерлеріне еңбекақы төлеу жүйесі туралы» 2015 жылғы 31 желтоқсандағы № 1193 және «Азаматтық қызметшілерге, мемлекеттік бюджет қаражаты есебінен ұсталатын ұйымдардың қызметкерлеріне, қазыналық кәсіпорындардың қызметкерлеріне еңбекақы төлеу жүйесі туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2015 жылғы 31 желтоқсандағы № 1193 қаулысына өзгерістер енгізу туралы» 2023 жылғы 23 тамыздағы № 718 қаулыларына өзгерістер мен толықтыру енгізу туралы
Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне мынадай өзгерістер мен толықтыру енгізілсін:
1) «Азаматтық қызметшілерге, мемлекеттік бюджет қаражаты есебінен ұсталатын ұйымдардың қызметкерлеріне, қазыналық кәсіпорындардың қызметкерлеріне еңбекақы төлеу жүйесі туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2015 жылғы 31 желтоқсандағы № 1193 қаулысында:
2-тармақтың 4) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
«4) осы қаулыға 4, 5, 6, 7, 8, 9, 10, 11, 12, 13, 14, 15, 16, 17, 17-1, 18, 19, 20, 21 және 22-қосымшаларға сәйкес ұйымдар қызметкерлеріне еңбекақы төлеу шарттары;»;
3-тармақтың 2) тармақшасында:
алтыншы бөліктің бірінші абзацы мынадай редакцияда жазылсын:
«Медицина және фармацевтика жұмыскерлерін қоспағанда, мемлекеттік ұйымдардың: стационарлық және жартылай стационарлық үлгідегі медициналық-әлеуметтік мекемелердің, үйде қызмет көрсету, уақытша болу ұйымдарының, еңбек мобильділігі орталықтары мен олардың филиалдарының басқарушы, негізгі персоналы жұмыскерлерінің ЛА (тарифтік мөлшерлемелері) ЛА-ның белгіленген мөлшеріне:»;
сегізінші бөліктің төртінші абзацы мынадай редакцияда жазылсын:
«мемлекеттік ұйымдардың: стационарлық және жартылай стационарлық үлгідегі медициналық-әлеуметтік мекемелердің, үйде қызмет көрсету, уақытша болу ұйымдарының, еңбек мобильділігі орталықтары мен олардың филиалдарының басқарушы, негізгі персоналдарының жұмыскерлерін;»;
осы қаулыға қосымшаға сәйкес 17-1-қосымшамен толықтырылсын;
2) «Азаматтық қызметшілерге, мемлекеттік бюджет қаражаты есебінен ұсталатын ұйымдардың қызметкерлеріне, қазыналық кәсіпорындардың қызметкерлеріне еңбекақы төлеу жүйесі туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2015 жылғы 31 желтоқсандағы № 1193 қаулысына өзгерістер енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2023 жылғы 23 тамыздағы
№ 718 қаулысында:
1-тармақта:
үшінші абзац мынадай редакцияда жазылсын:
«алтыншы бөліктің бірінші абзацы мынадай редакцияда жазылсын:»;
бесінші абзац мынадай редакцияда жазылсын:
«сегізінші бөліктің төртінші абзацы мынадай редакцияда жазылсын:»;
тоғызыншы абзац мынадай редакцияда жазылсын:
«
|
3) |
Еңбек мобильділігі орталықтары мен олардың филиалдарының басшыларына, мамандарына және басқа да қызметшілеріне жұмыстың күрделілігі мен қауырттылығы үшін |
|
ЛА-дан 50 % |
|
».
2. Осы қаулы:
1-тармақтың 1) тармақшасының үшінші, төртінші және оныншы абзацтары 2023 жылғы 1 қаңтардан бастап туындаған құқықтық қатынастарға;
1-тармақтың 1) тармақшасының бесінші, алтыншы, жетінші, сегізінші және тоғызыншы абзацтары және 2) тармақшасы 2023 жылғы 1 шілдеден бастап туындаған құқықтық қатынастарға қолданылады деп белгіленіп, алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасының
Премьер-Министрі Ә. Смайылов
Қазақстанның Премьер-министрі мен Үкіметі жаңалықтарынан хабардар болыңыз — ресми Telegram-каналға жазылыңыз
Жазылу