Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2025 жылғы 25 ақпандағы №96 қаулысы

Бос штат бірліктерін мемлекеттік органдар мен олардың ведомстволық бағынысты ұйымдары арасында қайта бөлу қағидаларын бекіту туралы

 

«Мемлекеттік аппараттың жұмысын жақсарту, төрешілдікке қарсы күрес және құжат айналымын қысқарту жөніндегі шаралар туралы» Қазақстан Республикасы Президентінің 2000 жылғы 31 шілдедегі № 427 Жарлығының 1-1-тармағына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

1. Қоса беріліп отырған Бос штат бірліктерін мемлекеттік органдар мен олардың ведомстволық бағынысты ұйымдары арасында қайта бөлу қағидалары бекітілсін.

2. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

 

 

Қазақстан Республикасының

Премьер-Министрі                                                                       О. Бектенов

 

Ереже

Қазақстанның Премьер-министрі мен Үкіметі жаңалықтарынан хабардар болыңыз — ресми Telegram-каналға жазылыңыз

Жазылу