Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2026 жылғы 25 маусымдағы №546 қаулысы

«Мемлекеттік әлеуметтік сақтандыру қоры» акционерлік қоғамының қаржылық орнықтылығын қамтамасыз ететін нормалар мен лимиттерді белгілеу туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2023 жылғы 15 маусымдағы № 474 қаулысына өзгеріс енгізу туралы

 

 

Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

  1. «Мемлекеттік әлеуметтік сақтандыру қоры» акционерлік қоғамының қаржылық орнықтылығын қамтамасыз ететін нормалар мен лимиттерді белгілеу туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2023 жылғы 15 маусымдағы № 474 қаулысына мынадай өзгеріс енгізілсін:

1-тармақтың үшінші абзацы мынадай редакцияда жазылсын:

«есепті айдан кейінгі айдың басындағы операциялық ақша қалдығының ай сайынғы ең төменгі мөлшері Қазақстан Республикасының Әлеуметтік кодексінде көзделген әлеуметтік төлемдер сомасының 0,5 еселенген мөлшерінде есепті айдың алдындағы ай үшін Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкінде ашылған инвестициялық шотта қамтамасыз етіледі.».

  1. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

 

 

Қазақстан Республикасының

Премьер-Министрі                                                             О. Бектенов

Қазақстанның Премьер-министрі мен Үкіметі жаңалықтарынан хабардар болыңыз — ресми Telegram-каналға жазылыңыз

Жазылу