Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2024 жылғы 25 шілдедегі №601 қаулысы

Сарапшыларға, мамандарға және аудармашыларға тиесілі сомаларды төлеу қағидаларын бекіту туралы

 

Қазақстан Республикасы Азаматтық процестік кодексінің 110-бабының алтыншы бөлігіне және 111-бабының екінші бөлігіне сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

1. Қоса беріліп отырған Сарапшыларға, мамандарға және аудармашыларға тиесілі сомаларды төлеу қағидалары бекітілсін.

  1. Мыналардың күші жойылды деп танылсын:

1) «Азаматтарды анықтау, алдын-ала тергеу, прокуратура органдарына немесе сотқа шақыруға байланысты олардың шығындарын өтеу мен оларға сыйақы төлеудің тәртібі мен мөлшері туралы нұсқауды бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Министрлер Кабинетінің 1992 жылғы 25 ақпандағы 
№ 152 қаулысы;

2) «Қазақстан Республикасы Министрлер Кабинетінің 1992 жылғы 25 ақпандағы № 152 қаулысына өзгерістер енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 1998 жылғы 30 қарашадағы № 1209 қаулысы.

3. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

 

Қазақстан Республикасының

Премьер-Министрі                                                              О. Бектенов

 

Ереже

 

Қазақстанның Премьер-министрі мен Үкіметі жаңалықтарынан хабардар болыңыз — ресми Telegram-каналға жазылыңыз

Жазылу